Өткен айда Қазақстанда күнкөрістің ең төменгі деңгейі 17 353 теңгені құрады

None
None
АСТАНА. 3 маусым. ҚазАқпарат - 2013 жылдың мамыр айында елімізде күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 17 353 теңгені құрады.

Бұл туралы ҚР Статистика агенттігінің баспасөз қызметінен хабарланды.

Агенттік мәліметтеріне қарағанда, негізгі тамақ өнімдерін тұтынудың ең төменгі нормаларынан есептелген орта есеппен халықтың жан басына шаққандағы күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 2013 жылғы мамырда өткен аймен салыстырғанда - 1 пайызға, ал 2012 жылғы мамырмен салыстырғанда 7,7 пайызға өсті.

Оның құрылымында ет пен балықты сатып алуға жұмсалған шығыстардың үлесі 23,3 пайызды, сүт, май және тоң май өнімдері мен жұмыртқаны сатып алу 15,9 пайызды құраған. Сонымен қатар, күнкөрістің ең төменгі деңгейінің құрылымында жемістер мен көкөністерді сатып алу 11 пайыз, нан және жарма өнімдері 7,7 пайыз, қант, шай және дәмдеуіштер 2,1 пайызды құраған.

Соңғы жаңалықтар