Өткен айда экономиканың жекелеген сегменттерiндегі бағалар өзгердi

None
None
АСТАНА. 8 желтоқсан. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Елімізде 2011 жылғы қараша айында экономиканың жекелеген сегменттерiндегі бағалар өзгердi.

Бұл туралы ҚР Статистика агенттігінің баспасөз қызметінен хабарланды.

Атап айтқанда, 2011 жылғы қарашада инфляция 0,6 пайызды құрады. Баға құрылыста бір ай ішінде 0,3 пайыз, өнеркәсіпте - 0,2 пайызға өсті. Ал ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығында 2,1 пайыздан, көтерме саудада - 1,5 пайызға төмендеді. Тарифтер заңды тұлғаларға көрсетілген пошталық және курьерлік қызметтеріне 1,4 пайызға төмендесе, жүк көлігімен тасымалдау өзгеріссіз қалған. Бұдан бөлек, 2011 жылғы қаңтар-қараша айында былтырғы жылмен салыстырғанда тұтыну бағалары 8,4 пайызға, өнеркәсіп өнімін өндіруші кәсіпорындар бағасы 27,9 пайызға, құрылыстағы бағалар 4,6 пайызға өскен. Сонымен қатар, осы кезеңде экспортық жеткізілім бағасы 47 пайызға, импорттық түсім өнімдерінің бағасы 13,8 пайызға артқан.

Соңғы жаңалықтар