Өткен аптаның ішінде елде 19 адам суға кетті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2019 жылдың 5-11 тамыз аралығында, елдің су айдындарында 19 адам көз жұмды. Оның бесеуі – бала, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

14 адамның, соның ішінде 4 баланың, өліміне шомылу кезінде шамасына қарамау себеп болды. Екі бала қараусыз қалып, суға батып кеткен. Бір адам су айдынын жүзіп өтпек болып көз жұмса, тағы екеуі балық аулау кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтамаудан қаза тапты.

12 тамыздағы жағдайға сәйкес, шомылу маусымы басталғалы бері елдің су айдандарында 249 адам батып кеткен (2018 жылы – 238 адам), оның 84-і – балалар (2018 жылы – 68 бала).

Адамдардың көз жұмуына шомылу кезінде шамасына қарамау (201 адам, 58-і - бала), балалардың үлкендердің қарауынсыз қалуы (24 бала суға құлап, көз жұмған) себеп болды, 22 адам мас күйінде шомылып қаза тапса, 2 бала жүзе алмағандықтан батып кеткен.

Шомылу маусымы басталғалы бері адамдардың суға батып кету деректері ең көп тіркелген аймақтарға Алматы, Түркістан, Шығыс Қазақстан, Павлодар және Ақмола облыстары жатады.

Соңғы жаңалықтар