Өткен аптада 3 мыңға жуық қылмыс тіркелді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Өткен аптада еліміз бойынша 2951 қылмыс тіркеліп, оның 1955-і тәулік ішінде ашылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз ведомствоның ақапарат алаңында өткен онлайн брифингте айтты.

«Бір апта ішінде 2951 қылмыс жасалды. Оның 1955-і тәулік ішінде ашылды.

Полиция қызметкерлері «ізін суытпай» 12 кісі өлтіруді, 4 өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруді, 2 қарақшылық, 34 тонау және 441 бөтен мүлікті ұрлау қылмыстарын ашты», - деді ІІМ ресми өкілі.


Соңғы жаңалықтар