Өткен аптада 10 кісі өлтіру қылмысы әшкереленді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Өткен аптада еліміздің аумағында 2 270 қылмыс жасалды. Бұл туралы ІІМ баспасөз қызметінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бір апта ішінде 2 270 қылмыс жасалды. Оның 1 338-і тәулік ішінде ашылды. Полиция қызметкерлері «ізін суытпай» 10 кісі өлтіруді, 1 өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруді, 27 тонау және 358 бөтен мүлікті ұрлау қылмыстарын ашты», - деді Шұғыла Тұрлыбек Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі алаңында өткен брифинг барысында.

Айта кетейік, өтен аптада оның алдындағы аптамен салыстырғанда еліміздің аумағында қылмыс санының азайғаны байқалады. Нақтырақ айтқанда, 13-19 наурыз күндері республика бойынша бір апта ішінде 2918 қылмыс жасалфп, оның 1842-сі тәулік ішінде ашылған болатын.


Соңғы жаңалықтар