Өткен 6 айда ауыл шаруашылығы саласында сатылған өнімдер бағасының индексі 100 пайызды құрады

None
None
АСТАНА. 9 шілде. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылдың алғашқы жарты жылдығында еліміздің ауыл шаруашылығы саласында сатылған өнімдер бағасының индексі 100 пайызды құрады. Бұл туралы Статистика агенттігінің баспасөз қызметінен хабарланды.

Агенттік мәліметтеріне қарағанда, ағымдағы жылдың маусым айында 2012 жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен сатылған өсімдік шаруашылығы өнімдері 1,9 пайызға қымбаттаған. Керісінше, есепті кезеңде сатылған мал шаруашылығы өнімдері 2,7 пайызға арзандады.

Сонымен бірге, ағымдағы жылдың қаңтар-маусым аралығында еліміздің нарығында арпа бағасы 7,8 пайызға, сұлы - 6,7 пайызға, жүгері - 3,8 пайызға, күріш - 1,1 пайызға, бидай - 0,7 пайызға, қара бидай - 0,4 пайызға қымбаттады. Ал баға қарақұмық бағасы 4,2 пайызға және тары 1,5 пайызға арзандаған.

Бұдан бөлек, қырыққабат бағасы 13,9 пайызға, картоп пен ас қызылшасы 6 пайызға, сәбіз 3,2 пайызға, бас пияз 2 пайызға, күнбағыс пістесі 13,5 пайызға, асбұршақ - 8,7 пайызға қымбаттаған.

Ал қой еті 4,5 пайызға жоғарыласа, ірі қара мал мен жылғы еті 1,9 пайызға қымбаттап, керісінше құс еті 8,2 пайызға, шошқа еті 3 пайызға арзандады. Жұмыртқа бағасы 13,2 пайызға, шикі сүт 3,6 пайызға, жүн 0,3 пайызға төмендеген.

Соңғы жаңалықтар