Өткен 15 жыл ішінде Мемлекеттік басқару академиясы 600-ге тарта қызметкер даярлады

None
None
АСТАНА. Қыркүйектің 7-сі. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Өткен 15 жыл ішінде ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы 600-ге тарта мемлекеттік қызметкер даярлады.

 

Бұл туралы бүгін аталған Академияның 2009-2010 жылғы оқу жылының салтанатты ашылу барысында ректор Арын Орсариев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

А. Орсариевтың айтуынша, ағымдағы жылы 15 жасқа толатын Академия қызметінің барысында біршама дүниелер атқарылған. Атап айтқанда, жоғары оқу орнында 600-ге тарта мемлекеттік қызметкер даярланып, 17 мыңнан астам қызметкер қайта даярлау мен біліктілігін арттырудан өткен. «Жыл сайын біз 200-ге жуық магистрларды оқытамыз. 2 мың мемлекеттік қызметкер, 500 сот пен сот жүйесінің қызметкерлері, 40 шақты дипломатиялық сала жұмысшылары Академия қабырғасында біліктілігін арттырады. 700-ге жуық мемлекеттік қызметкер қайта даярлаудан өтеді», деді А. Орсариев.

 Оның айтуынша, Академияның оқытушылар құрамы да жоғары білікті мамандардан жасақталған. Мәселен, мұнда дәріс берушілердің басым бөлігі АҚШ, Франция, Ұлыбритания, Италия, Сингапур, Ресей, Германия мен Қазақстан жоғары оқу орындарын бітіргендер болып табылады. Сондай-ақ, оқытушы профессорлардың 70 пайызы доктор, ғылым кандидаты немесе PhD докторлығының академиялық деңгейіне ие көрінеді. «Өткен оқу жылы бойынша Академияның 46 оқытушысы мен қызметкерлері өздерінің білімдерін жетілдіріп, шетелдердің алдыңғы қатарлы оқу орындарында тәжірибеден өтіп келді», деді ректор.  

Соңғы жаңалықтар