Өтінім комитеті Олимпиада ойындары кезінде жемқорлықпен қалай күресетіндіктерін жеткізді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда Халықаралық Олимпиада комитетінің бағалау комиссиясы өз жұмысын қорытындылады. Бес күн бойы лауазымды өкілдер үміткер қаланың Олимпиада ойындарына дайындығын тексерді. Комиссия мүшелері экология, қауіпсіздік, медицина, экономика, логистика, көлік қозғалысы, қоғамдық қолдау тақырыбында жан-жақты сауалдарына жауап алды.

Өтінім комитетінің өкілдері дүбірлі дода Алматыда өтетін болса, жемқорлықпен қай күресетіндіктерін атап өтті.

«Сочидің тәжірибесі бойынша, айтуға біздің құқығымыз жоқ. Біздің жағдайда Олимпиада ойындарын басқару мен нысандар құрылысы кезінде қадағалауды жүзеге асыратын қоғамдық кеңес құрылады. «Сырткөз - сыншы» демекші, ол ұйымдастыру комитетімен тығыз жұмыс жасайтын болады», - деді Өтінім комитеті төрағасының орынбасары Андрей Крюков.

Оның айтуынша, жақын арада қорытынды есептеулерден кейін Олимпиада ойындарының қаржылық жоспары әзір болады. Осыған дейінгі жиындарда Андрей Крюков Олимпиада бюджетінің алдыңғы Олимпиадалық ойындардан бірнеше есе үнемді болатынын айтып өткен болатын.

РФ ҰОК төрағасы Александр Жуков Олимпиада ойындарының бюджеттен ақшаны соруға емес, өңірді дамытуға үлкен септігін тигізетінін атап өтті.

«Сочи қазір мүлде басқа қалаға айналды. Онда қыс кезінде бос қонақ үй табу қиын. Олимпиададан кейін сіздердің елдеріңізді барлығы танитын болады. Олимпиада спорт, медицина, инфрақұрылым, логистика, білім беру салаларының дамуына септігін тигізеді», - деді бағалау комиссиясын басқарып келген А.Жуков.

Айта кету керек, Алматыға сапары барысында ХОК бағалау комиссиясы Алматы қаласының дайындығын өте жоғары бағалады. Олардың ойынша, Алматы 2022 жылғы қысқы Олимпиада ойындарын өткізуге лайықты үміткер. Алайда, қорытынды шешім қарсылас үміткер Бейжің қаласының дайындығын бағалаудан соң белгілі болады.

Соңғы жаңалықтар