Өтемақы ала алмай жүрген Тараз тұрғыны шатырдан секірмек болды

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жұмыс барысында алған жарақаты үшін өтемақы ала алмай жүрген Тараз тұрғыны биіктіктен секіріп өлмек болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, ер адам құрылысы аяқталмаған бес қабатты ғимараттың шатырынан секірмек болған.

Бірнеше минуттан кейін учаскелік полиция қызметкері ғимараттың төбесіне шығып, жас жігітті әңгімеге тартып, райынан қайтаруға тырысады.

«Белгілі болғандай, 29 жастағы жігіт өзі жұмыс істеген кәсіпорын басшысының үстінен шағымданған. Ол жұмыс барысында жарақат алғанын және ол үшін әлі күнге дейін ақшалай өтемақы төленбегенін айтқан. Өзара диалог кезінде полиция қызметкері оған байыппен жақындап, секіруге оқталған сәтте қолынан ұстап, өзіне тартып қалды», - делінген ведомствоның хабарламасында.


Соңғы жаңалықтар