Өтемақы: 64 мың адамның депозиті 10 млн теңгеден жоғары болған

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры теңге депозиттеріне 10 пайыз өтемақы алған қазақстандықтардың ішінде депозиттегі ақшасы 10 млн теңгеден асатын қанша адам болғаны туралы мәлімет ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұған дейін Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов теңгемен депозит ұстап отырған 2 млн 623 мың салымшыдан жалпы сомасы 307 млрд теңге болатын өтінім жиналғанын айтқан болатын. Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры ұсынған мәлімет бойынша, 2 615 772 салымшының өтініші қанағаттандырылып, оларға төленетін өтемақының жиынтық сомасы 306 651 873 753,58 теңге болған.

«Өтемақының 50 пайызы Қаржы министрлігінің, 50 пайызы Ұлыттык банк есебінен банкердін шотына аударылды. Банктер есебінен өтемақы төленген жоқ. Өтемақы төленген депозиттердің сомасы 10 млн тенгеден жоғары салымшылардың саны 64 276 болды. Бұл өз кезегінде өтініші мақұлданған салымшылардың жалпы санының 2,5 пайызына тең», - деп жазылған қордың баспасөз қызметі ұсынған мәліметте.

Соңғы жаңалықтар