Отбасыны дамыту мен қолдаудың жол картасы жасалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия отырысы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты биылғы Жолдауында «жастар мен отбасы институтын кешенді қолдау мемлекеттік саясаттың басымдығына айналуы тиіс» деп атап өткен. Мемлекет басшысы жастардың барлық санатын қолдауға арналған шараларды қамтитын әлеуметтік сатының ауқымды платформасын қалыптастыру керектігін айтты.  Сонымен қатар, алдағы 2019 жылды Жастар жылы деп жариялауды ұсынды. Аталған бастамалар отбасын дамыту мен қолдауға, әсіресе жастар арасында отбасылық құндылықтарды нығайтуға, елдегі жаңғыру үдерістеріне баршаның атсалысуын қамтамасыз етуге бағытталған», - деді отырысты ашқан Мемлекеттік хатшы.
null 

Осының барлығы Әйелдер істері және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның ауқымды міндеттерінің бірі болып саналатынын баса айтқан Гүлшара Әбдіқалықова жиналғандарды  комиссияның жаңа мүшесімен де таныстырды.

«Қарагөз Асқарқызы Сүлейменова - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Ол телевизия саласында балалар, әйелдер мәселесімен шұғылданады», - деп атап өтті ол.

Отырыста ҚР Бас прокуратурасы «Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» ілкі жобасын жүзеге асыру қорытындысы туралы ақпарат ұсынды. Оны іске асыру барысында Шымкент қаласы мен Түркістан облысы әкімдіктерінде Отбасы, жастар мен балалар істері жөніндегі басқарма ашылды. Шымкенте Медициналық оңалту орталығы ұйымдастырылды. Түркістан облысының 14 ауданында және Шымкент қаласында «Халықты әлеуметтік-психологиялық қолдау» қызметтері ашылды. Онда 865 адамға психологиялық көмек көрсетілген.
null 

Мұнан бөлек, ҚР-дағы 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасын іске асыру бойынша Алматы облысының 2017-2019 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы ақпарат тыңдалды. Сондай-ақ Қоғамдық даму министрлігінің Отбасыны дамыту мен қолдаудың 2019-2024 жылдарға арналған жол картасының жобасы таныстырылды. Жиын соңында Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова мемлекеттік органдарға бірқатар тапсырма берді.

Соңғы жаңалықтар