Отбасында жанжал шығарған атыраулық үйін өртеп, қашып кетті

None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда отбасында жанжал шығарған ер адам мас күйде үйін өртеп, қашып кеткен. Қазір ол іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, оқиға 22 желтоқсанда болған.

«Полиция департаментінң 102 арнасына жергілікті уақытпен сағат 21:12 шамасында 1992 жылғы әйелден шағым түскен. Мас күйде үйдің есігін бұзып кірген күйеуі оны үшкір затпен қорқытқан. Оқиға орнына «Батыс-58» экипажының полицейлері үйдің ішінен түтін шығып жатқанын байқаған. Жедел түрде әрекет еткен полицейлер 30 жастағы әйел мен 4 жасар баланы қауіпсіз жерге шығарып, өртті сөндірген», -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Ал, мас күйде әйелін қорқытып, үйін өртеген ер адам полиция қызметкерлері келгенше оқиға орнынан қашып кеткен. Қазір полиция қызметкерлері аталған дерекке қатысты 1992 жылғы әйел мен оның 4 жасар қызын «Аналар үйіне» орналастырған.

Үйін өртеген ер адамды жедел-іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Еске сала кетелік, бұған дейін Отбасында жанжал шығарған 2 мыңнан астам атыраулық жауапқа тартылғанын хабарлаған болатынбыз.

Биылғы 11 айда отбасында жанжал шығарғандарға қатысты 6 939 дерек тіркелген. Аталған дерекке байланысты 2 074 адам ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-бабына сәйкес (Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер) жауапкершілікке тартылған. Ал, 2 670 адамға қатысты қорғау нұсқамасы шығарылып, 504 адамға ерекше талаптар қойылған.


Соңғы жаңалықтар