Отбасында жанжал көтеретін маскүнемдер 48 сағатқа қамалуы мүмкін

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Бас прокуратурасы тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы баптарды Қылмыстық кодекстен Әкімшілік кодекске ауыстыруды ұсынды.

Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында ҚР Бас прокурорының бірінші орынбасары Иоган Меркель мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Тәжірибе жүзінде тұрмыстық зорлық-зомбылыққа тосқауыл қою тетігінде проблемалар туындады. Жақында осы мәселе парламенттік тыңдауларда қаралған болатын. Қазіргі кезде зорлық-зомбылықтың құрбаны осы фактіні сотта өзі дәлелдеуі тиіс. Өздеріңіз білесіздер, қамауға алу әзірге енгізілген жоқ. Сондықтан соттар қылмыстық айппұлдарды бекітеді. Нәтижесінде, кінәлі адаммен бірге оның тұтастай отбасы жазаланады»,-деді Меркель.

Оның сөзіне қарағанда, өткен жылы соққыға жығу мен денсаулыққа ауыр емес зиян келтіру бойынша 718 адам сотталды, бұл 2014 жылға қарағанда 10 есеге аз. Сол кезде алты мың адам сотталған еді.

Бұрындары отбасыдағы жанжалқойлар 48 сағатқа әкімшілік қамауға  алынатын, кейіннен ол 15 тәулікке қамалатын. Осындай тәртіптің арқасында оның отбасы зардап шекпейтін. Сондықтан да Бас прокуратура Қылмыстық кодекстегі 108 және 109-баптарды Әкімшілік кодекске ауыстыруды ұсынды.

Өз кезегінде ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов та бұл ұстанымды қолдады.

«Шынымен де үш сағатта проблеманы реттеу мүмкін емес. Біз жанжал көтерген адамды үйінен алып, бөлімшеге жеткіземіз. Шамалы уақыттан кейін жібереміз. Бірақ ол үйіне барған соң, бала-шағасын мазалауды қайта жалғастырады. Бұл тұрғыдағы мәселе алкогольдік ішімдікке масайған отбасылық жанжалқойлар туралы болып отыр. Сондықтан бұрын жақсы нәтиже берген 48 сағаттық жазаны енгізу керек»,-деді министр.  

Соңғы жаңалықтар