Отбасылық зорлық-зомбылықпен күресте барлық мүдделі тараптар күш біріктіреді - Аида Балаева

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күрес бағытында бірлескен жүйелі жұмыстар керектігін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Дөңгелек үстел отырысына қатысқандардың барлығы талқыланып жатқан заң жобасы аясында, сондай-ақ осы бағыттағы жалпы қадамдарды жетілдіру бойынша бірлесе жұмыс істеуге дайын екендіктерін білдіріп отырғандығы қуантады. Баршасы жүйелі жұмыс пен күш-жігерді біріктірудің маңыздылығына ерекше тоқталды. Осы тұрғыда азаматтық қоғам мен барлық мемлекеттік органдар бар», - деді министр онлайн режимде өткен талқылауда.

Ведомство басшысы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі проблеманы тыңғылықты талқылау үшін барлық үкіметтік емес ұйымдармен (ҮЕҰ) ынтымақтастықта жұмыс істейтінгінін жеткізді.

«Салынған қаржының әлеуметтік оң әсері маңызды, яғни, нақты көмек болуы тиіс. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бекерден қалыптастырылмайды, мемлекет тиісті мәселелерді шешу мақсатында осы қаржыны ҮЕҰ-лар қызметіне бағыттайды. Бұл бағытта шешімін жасайтын мәселелер бар, сәйкесінше, осы тақырыпқа ораламыз», - деді министр.

А. Балаеваның атап өтуінше, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес шараларына қоғамның қатысуы маңызды болып отыр. Зорлық-зомбылықтың алдын алу шараларымен жүйелі айналысу керек.

«Осы тектес талқылау алаңдары болады. Біз белсенді диалогқа дайынбыз», - деді министр.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева осы мәселеде тек құқықтық шаралар жеткіліксіз екенін, яғни, жүйелі қоғамдық жұмыс керектігін атап өтті.

Бүгінгі онлайн режимдегі талқылауда ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Мұрат Баймұқашев карантин кезінде отбасылық-тұрмыстық қатынастарда құқыққа қайшы әрекеттер үшін 7,5 мыңнан астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын айтты.



Соңғы жаңалықтар