Отбасылық зорлық-зомбылық құрбандарының 60% полицияға арыз түсіруден бас тартады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Отбасылық зорлық-зомбылық әрекеттерінен зәбір көргендердің 60%-ы полицияға арыз түсіруден бас тартады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мәселен 2015-2016 жылдары түскен 100 мыңнан астам хабарлама бойынша кінәлілерге ешқандай жаза қолданылған жоқ. Заңнама өзгерді, бірақ біз басқа мәселеге тап болдық. Өйткені, жәбірленушілер көбіне агрессорға қаржылық және психологиялық тұрғыдан тәуелді. Өз кезегінде Ішкі істер министрлігі тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы әрбір шағым бойынша шаралар қабылдауда. Сонымен бірге, жәбірленушілердің 60%-ы полицияға арыз түсіруден бас тартады. Тиісінше, біз жаза қолданбаймыз», - деді Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Ренат Зұлқайыров ОКҚ-де өткен брифингіде.

Сонымен бірге, Ренат Зұлқайыров жыл сайын полицияға отбасылық жанжалдар бойынша 100 мыңнан астам шақырту түседі.


Соңғы жаңалықтар