Отбасылық кикілжіңнен кейін БҚО прокуратурасының қызметкері жұмыстан босату жөнінде өтініш берді

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - БҚО прокуратурасының қызметкері Руслан Әминов отбасылық кикілжіңге байланысты Ар-намыс кодексі талаптарын бұзғандығын мойындап, өз еркімен қызметінен босату жөнінде өтініш берді.

БҚО прокуратурасының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, еңбек демалысында болған Р.Әминов 30 қаңтар күні өз пәтерінде қызғаныш негізінде жұбайымен ұрыс-керіс шығарады. Соның салдарынан көршілері полиция шақырады. Ішкі істер органдарының тексеріс нәтижелері бойынша Р.Әминовтің іс-әрекетінде қылмыстық немесе әкімшілік құқықбұзушылық анықталмаған. Жұбайын ұрып-соғу, жарақат келтіру фактілері де орын алмаған. Әйелінің оған қояр талабы жоқ.

Аталған оқиға бойынша облыс прокуратурасы қызметтік тексеріс жүргізді, соның нәтижесінде Әминовтің жұбайына қатысты қару қолданып, қауіп төндіру фактісі расталмады.

Қызметтік тексеріс қорытындылары, сондай-ақ оның өтініші мен жауапкершілігі туралы мәселе облыс прокуратурасының тәртіптік комиссиясында қаралатын болады.

Айта кетейік, Р.Әминовтің прокуратура органдарында қызмет еткеніне тоғыз жыл, үздік мемлекеттік айыптаушылардың бірі. Ол жұртшылықтың назарын аударған күрделі қылмыстық істерге мемлекеттік айыптаушы ретінде қатысты. 2013 жылдың қорытындысы бойынша республика бойынша үздік мемлекеттік айыптаушы болып танылған.

Соңғы жаңалықтар