Отбасылық дауыс беру дәстүрі жойылмай отыр – Нұрлан Әбдіров

Фото:
АСТАНА. ҚазАқпарат – Елімізде сайлау барысында отбасылық дауыс беру дәстүрі жойылмай отыр. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров айтты, деп хабарлайды ҚазАпарат тілшісі.

«Өкінішке орай, осы уақытқа дейін отбасылық дауыс беру дәстүрі, яғни, отбасы мүшелері мен басқа да жақындары үшін дауыс беру дәстүрі әлі де жойылған жоқ. Орталық сайлау комиссиясының аумақтық немесе округтік сайлау комиссияларының атына ресми түрде келіп түскен барлық өтініштер заңда белгіленген тәртіппен қаралатын болады. Және олардағы мәліметтер расталған жағдайда тиісті іс-шаралар қабылданады», - деді ол брифинг барысында.

Бұған дейін Мәжіліс пен мәслихаттар депутаттарын сайлау барысында сайлау заңын бұзған 17 учаскелік комиссия мүшесіне айыппұл салынғанын хабарлаған едік.

Жалпы, дауыс беру күні 34 адамның тарапынан құқықбұзушылық тіркелген.


Соңғы жаңалықтар