кеше 19:48 Атырауда дағдарыс орталығына жыл басынан 24 әйел мен 63 бала түскен АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда жыл басынан дағдарыс орталығына 24 әйел мен 63 бала түскен. Қазір орталықта 5 ана мен 16 бала бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
кеше 14:40 Ауылдарда ажырасу 37 пайызға күрт өскен, қалада некесін бұзатындар аз АСТАНА. ҚазАқпарат – Биыл қаңтар-наурыз аралығында 3,9 мың ерлі-зайыпты ажырасты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ranking.kz порталына сілтеме жасап.
02.06.2023 14:57 Биыл Қазақстанда отбасылық жанжал салдарынан 68 адам көз жұмды АСТАНА. ҚазАқпарат – Кейінгі 5 жыл ішінде тұрмыс саласындағы өтініштер саны 3 есеге артты. Мұны «Қоғаммен серіктестікте қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету» тұжырымдамасы аясында Астанадағы мәселелер картасын таныстырған Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
01.06.2023 16:56 8 қалада аутизм диагнозы бар балаларға арналған күндізгі орталықтар ашылады АСТАНА. ҚазАқпарат – Еліміздің 8 қаласында аутизм спектрі бұзылған және басқа да писхикалық ауытқуы бар балаларға арналған күндізгі орталықтар ашылады. Бұл жайында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Назгүл Сағындықова орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
30.05.2023 19:44 Ақтөбеде «Қоғам. Тұлға. Отбасы» атты ата-аналар форумы өтті АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде облыстық ата-аналар форумы өтіп, онда бала тәрбиесі, негізгі проблемаларды анықтау және оларды шешудегі ата-ана, мектеп мен қоғамдық ұйымдардың өзара іс-қимылының маңыздылығы талқыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
30.05.2023 18:06 Елордада жас отбасылар арасында байқау өтеді АСТАНА. ҚазАқпарат – Астана қаласы жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Қайрат Қамбаров жас отбасыларға арналған жобалар мен алдағы уақытқа арналған жоспарын бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
30.05.2023 15:44 Былтыр елордада 4 мыңнан астам ерлі-зайыпты ажырасқан АСТАНА. ҚазАқпарат – Елордада жас отбасыларды қолдау және ажырасудың алдын алу бойынша бірнеше бағыттан тұратын кешенді іс-шара іске асырылып жатыр. Толығырақ Астана қаласы жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Қайрат Қамбаров айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
29.05.2023 12:49 «Мерейлі отбасы»: елордада қалалық кезеңге өтінімдер қабылданып жатыр АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласында «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының қалалық турына қатысу үшін өтінім қабылданып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
28.05.2023 19:05 Қарағанды облысында ер адам ажырасу кезінде әйелін пышақтап өлтірді ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысында ажырасу процессі кезінде АХАТ бөлімінде ер адам әйеліне бірнеше рет пышақ сұғып, алған жарақатынан ол қайтыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
25.05.2023 14:43 Алтай Көлгінов көпбалалы ана мәртебесін өмірлік етіп бекіту ұсынысына жауап берді АСТАНА. ҚазАқпарат – Премьер-Министрдің орынбасары Алтай Көлгінов Мәжіліс депутаттарының көпбалалы ана мәртебесін өмірлік етіп бекіту туралы ұсынысына жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
24.05.2023 12:47 Мәжіліс депутаты: Бізге әлеуметтік тұрғын үйді көбірек салу керек АСТАНА. ҚазАқпарат – Мәжіліс депутаты Гаухар Танашева Jibek Joly арнасының Мәжіліс ғимаратынан жүргізген тікелей эфирі кезінде әлеуметтік тұрғын үйлерді көптеп салу керек деген пайым айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
23.05.2023 13:28 Көшедегі велокортеж: Петропавлдық жұп үйлену тойын ерекше атап өтті ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда жас жұбайлар дәстүрлі автокортежден бас тартып, үйлену тойын достарымен бірге велосипед теуіп, табиғат аясында атап өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
23.05.2023 11:10 Қазақстанда үйленетін жұптардың денсаулығы тексерілуі мүмкін АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда бірқатар шет елдер сияқты болашақ жас жұбайларға кешенді медициналық зерттеп-қараудан өтуді көздейтін отбасылық жұптардың денсаулық паспортын енгізу ұсынылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат
23.05.2023 02:03 Ең сүйікті әже: Алматыда алғаш рет әжелер арасында байқау өтті АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда әжелер арасында өткен «Асыл Әже Almaty» конкурсында жылдың үздік әжейі анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
22.05.2023 06:38 Елімізде әр отбасының қаншалықты бақуатты тұратынын айқындайтын әдістеме жасалды АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстандағы БҰҰ даму бағдарламасымен бірлесіп отбасының әлеуметтік әл-ауқатын айқындау әдістемесін әзірледі. Бұл азаматтарға Отбасының цифрлық картасы арқылы әлеуметтік қолдау шараларын проактивті ұсынуға негіз болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
18.05.2023 09:57 Сот орындаушылардың өндірісінде 273 136 алимент ісі жатыр АСТАНА. ҚазАқпарат – Сот орындаушылардың өндірісінде 273 136 алимент ісі жатыр. Бұл жайында Премьер-Министр Әлихан Смайылов Мәжіліс депутаттарының сауалына жолдаған жауабында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
17.05.2023 19:10 Алимент қорын құру ата-аналардың жауапкершілігін төмендетеді - Әлихан Смайылов АСТАНА. ҚазАқпарат – Премьер-Министр Әлихан Смайылов Мәжіліс депутаттарының сауалына берген жауабында алимент қорын құру бастамасы неге қолдау таппайтынын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
16.05.2023 10:23 Атырауда Отбасы күні аталып өтті АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда 15 мамыр - Отбасы күніне орай мерекелік шара өтті. Оған облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев қатысып, атыраулықтарды айтулы мерекемен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
16.05.2023 01:16 Болашақ ұрпақ тәрбиесіне қатысты мәселелер күн санап артып келеді – ата-аналар форумы АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада «Ұрпақтар сабақтастығы» атты республикалық ата-аналар форумы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
15.05.2023 23:34 Маңғыстау полициясында 30-дан астам жұп қызмет атқарады АҚТАУ. ҚазАқпарат – Маңғыстау облыстық Полиция департаментінде және оған қарасты қала және аудандық полиция бөлімдерінде 30-дан астам полицей жұп қызмет атқарады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.