«Отбасы – орта мектеп»: Қазақстанда жастарды тәрбиелеу әдістемелері әзірленуде

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Отбасы – орта мектеп» жобасы аясында жастарды тәрбиелеу әдістемелері әзірленіп жатыр. Бұл туралы Мәжіліс депутаттарының сауалына ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің жауабында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Биыл «Отбасы – орта мектеп» жобасы аясында педагогтер мен ата-аналар үшін ұлттық құндылықтарды ескере отырып, жастарды тәрбиелеу әдістемелері қосымша әзірленуде. Сонымен қатар отбасылық және ұлттық тәрбиенің құндылықтары балалардың бос уақытын, мәдени-бұқаралық іс-шараларды, жарыстарды, сынып сағаттарын, ата-аналар жиналыстарын, үйірме жұмыстарын және тағы басқаларын ұйымдастыру аясында іске асырылады», - деді Үкімет басшысы.
Премьер-Министрдің атап өтуінше, Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 71-бабына сәйкес күнделікті жұмыстың ұзақтығы, оның басталу және аяқталу уақыты, жұмыстағы үзілістер еңбек тәртіптемесі қағидаларында, еңбек және ұжымдық шарттарда белгіленген талаптарды сақтай отырып айқындалады.
«Еңбек заңнамасының, оның ішінде жұмыс уақыты режимдерінің сақталуын бақылауды мемлекеттік еңбек инспекторлары тәуекел дәрежесін бағалау критерийлеріне және еңбек заңнамасының сақталуын2 тексеру парақтарына сәйкес жүзеге асырады. 2020 жылы мемлекеттік еңбек инспекторлары еңбек заңнамасының нормаларын түсіндіру бойынша 5 мыңнан аса ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізді», - деді Асқар Мамин.
- Түркістанда Орталық Азиядағы ең ірі туристік кешен ашылды
- Қызылордада 1,2 мың мұғалімге коронавирусқа қарсы вакцина салынды
- Былтыр ауыл шаруашылығы мамандығын игерген 2,5 мың түлек жұмыссыз қалған
- Қазақстан мен Өзбекстан Үкімет басшылары «Орталық Азия» халықаралық орталығын іске қосты
-
Жаңа қаулы: Астана оқушылары төртінші тоқсанда қалай оқиды
-
Асқар Мамин Байқоңырда «Роскосмос» басшысы Дмирий Рогозинмен кездесті
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам