Отбасы мүшелерімен бірге уақыт өткізген маңызды - The New York Times

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгінгі таңда көп адамның уақыт жоқ, қолы бос емес. Дегенмен, отбасы берік болу үшін уақытты бірге өткізіп, бетпе бет тілдескен маңызды. The New York Times басылымының жазуынша, бұрын адамдар отбасылық кешкі асты бірге ішіп, балаларды ұйықтатып тастаған соң ерлі-зайыптылар әңгімелесіп, сырласатын болған. Ал қазір уақыт өзгерген.

«Қазіргі мәдениет адамдарды өте жұмысбасты етіп қойды. Ешкімнің бос уақыты жоқ. Тіпті, ең жақын деген адамдарымызға да уақыт табу қиын. Ата-аналар мен балалар уақытын телефонға арнап, әлеуметтік желіге кіріп кеткен. Дегенмен, олар бірге уақыт өткізуді бос әуре деп ойлайды. Ал жақындарыңмен өткен уақыт ешқашан бос кеткен уақыт емес», деп жазады басылым.

«Отбасы мүшелері үнемі бірге тамақтануы керек. Демалыс күндері бірге сырттан тамақтануды әдетке айналдыруға болады. Сонымен қатар, ұйқыдан бұрын бір сағат электронды құрылғыларды пайдалану денсаулыққа зиян екені белгілі. Сол себепті осы уақытты да отбасыңмен бірге өткізген жөн. Сондай-ақ, үй шаруасын бірге атқарудың да пайдасы зор. Мысалы, балалар анасына ас әзірлеуге көмектесе алады», дей келе автор жақын адамдардың тығыз байланысы мен қарым-қатынасы осындай кішігірім сәттерде нығая түсетінін айтады.

Соңғы жаңалықтар