Отбасы күнінде ақмолалық Аналар кеңесінің белсенділері марапатталды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясына қарасты Аналар кеңесінің облыстық форумы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Халықаралық отбасы күніне орай ұйымдастырылған шараға Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпев, Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы Аналар кеңесінің төрайымы Зере Қиықова мен мүшелері, көпбалалы аналар және этномәдени бірлестік мүшелері қатысты.

Форумда құттықтау сөз сөйлеген аймақ басшысы Ермек Маржықпев өңірде көпбалалы отбасылар мен халықтың әлеуметтік жағынан аз қамтылған осал топтарына мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан көмек туралы айтып берді.

«Отбасының әл ауқаты - еліміздің дамуының, өркендеуінің өлшемі. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев аз қамтылған отбасылардың табысын арттыру, тұрғын үй мәселесін шешу, денсаулық сақтау және білім беру салаларын жақсарту бойынша әлеуметтік бастаманы көтерген болатын. Бүгінгі күні бұл мәселе Мемлекет басшысының жіті назарында», - дей келе облыс әкімі отбасылық құндылықтарды сақтау және насихаттауда белсенділік танытқан Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы Аналар кеңесінің бір топ мүшелерін Алғыс хатпен марапаттады.
null null

Форум барысында Зере Еспайқызы отбасылық құндылықтар, ұлттық салт-дәстүр, қазақ қызына тән болмыс, қоғам қалыптасуындағы аналардың рөлі туралы айтты. Сондай-ақ, отбасындағы татулық пен қыз бала тәрбиесі мәселелеріне тоқтала кетті.

Бұдан кейін форумға қатысушы Біржан сал ауданы әкімінің орынбасары Орынбасар Ахметов, Степногор қаласы Аналар кеңесінің төрайымы Елена Абрицова сөз сөйлеп, өз өңірлері бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.
null

Форум соңында Халықаралық отбасы күніне орай Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының Аналар кеңесі облыс тұрғындарына үндеу жолдады.
null

Айта кету керек, Зере Еспайқызы жетекшілік ететін Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының Аналар кеңесі 2014 жылы құрылған. Сондан бері отбасылық құндылықтарды насихаттау, отбасында ананың рөлін арттыруда жемісті еңбек етіп келеді. Бүгінгі күні Ақмола облысында 14 мың көпбалалы отбасы тұрады. Оның ішінде 2,5 мыңға жуық ана - «Алтын алқа» иегері, 3,7 мыңнан астам ана - «Күміс алқа» иегері. 379 көпбалалы ана бар. 452 әйел «Ана даңқы» І және ІІ дәрежелі ордендерімен марапатталған.

null

Соңғы жаңалықтар