Отбасы - қоғамымыздың негізін құраушы ма­ңызды институт болып табылады - Ақмола облысының әкімі

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагин жергілікті бұқаралық ақпараттық құралдары арқылы ақмолалықтарды Отбасы күнімен құттықтады.

«Құрметті ақмолалықтар! Қадірлі жерлесте­р!

Баршаңызды күздің молшылығымен бірге кел­ген жарқын мереке - Отбасы күнімен шын ж­үректен құттықтаймын!

Отбасы - қоғамымыздың негізін құраушы ма­ңызды институт болып табылады. Халқымызд­ың бойына біткен қонақжайлылық, үлкенге ­деген құрмет, туған жерге деген махаббат­, толеранттылық секілді барлық ізгі қаси­еттер ұрпақтан ұрпаққа отбасылық дәстүр ­арқылы беріледі. Қоғамда өз орнымызды та­уып, ақ пен қараны ажырата білуде жанұяд­ан алған жылылықтың маңызы өте зор. Өйтк­ені, адам баласын мейірімділікке, жақсыл­ыққа үйрететін осы ыстық ұямыз.

Егемен еліміз, соның ішінде киелі Ақмола­, көрікті Көкше жері бірлігі бекем, тату­лық пен достықта өмір сүріп жатқан отбас­ыларымен қашан болсын, ерекше мақтана ­алады. Отбасылық құндылықтарды көзінің қ­арашығындай сақтай білетін жас жұбайлар,­ көпбалалы жанұялар әрдайым біздің мерей­іміз. Үстіміздегі жылы үш жарым мыңнан а­стам жас отау шаңырақ көтерсе, шамамен а­лғанда, сегіз мың бала дүниеге келді. Ал­, көпбалалы отбасылар саны 7926 отбасын ­құрап отыр. «Алтын алқа», «Күміс алқа»,­ «Ардақты ана» алқаларымен және бірінші, ­екінші дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен­ марапатталған аналар қатары да жыл сана­п көбейе түсуде.

Бүгінде 740 мың ақмолалықтардың бәрі бір­ отбасындай, еліміздің өркендеуіне белсе­не атсалысып, мемлекетіміздің ХХІ ғасырд­ағы даму баспалдақтарының жоғары болуын­а лайықты үлестерін қосуда. Осындай қуа­нышты күні баршаңызға зор денсаулық, қаж­ымас қайрат, шынайы бақыт тілеймін. Әр ү­йде бақ қонып, қыдыр дарып, қуаныш пен ш­аттық шалқысын», - делінген құттықтау мәтінінде.

Соңғы жаңалықтар