Отбасы институтына қатысты өзекті материалдардың бірыңғай базасы құрылмақ

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстан Дүниежүзілік экономикалық форумның гендерлік теңдік бойынша көрсеткішін жақсартты. Бұл туралы ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары Аида Балаева айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жүргізілген жұмыстың нәтижесінде Қазақстан Дүниежүзілік экономикалық форумның гендерлік теңдік бойынша көрсеткішін жақсартып, 80-нен 65-орынға көтерілді. Біз үшін гендерлік теңдік саласындағы өз тәжірибемізді басқа елдердің ғылыми-сараптама қоғамдастығымен бөлісу, сондай-ақ бірлескен жобаларға қатысу маңызды. Қазіргі жаһандық әлем бізге көптеген жаңа сын-тегеуріндермен күн тәртібін белгілейді және бүгінгі таңда ғалымдардың, сарапшылардың қатысуымен отбасының тәрбиелік рөліне, демографиялық дамуына, адамның өмір сүру сапасына әсер ететін гендерлік теңдікке байланысты күрделі мәселелерді шешу жолдарын табу өте маңызды», - деді А.Балаева отбасы, демография және гендерлік саясат мәселелері жөніндегі халықаралық ғылыми конференция барысында.

ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары отбасы институтына қатысты қалыптасқан жағдайды жақсарту бойынша зерттеулер мен ғылыми негізделген ұсыныстардың нәтижелері қажеттігін баса айтты.

«Конференция нәтижесінде негізделген ғылыми-сараптамалық талдау аламыз деп күтеміз. Ол Үкімет құрылымдары мен жергілікті атқарушы органдарға жеткізілетін болады. Ұлттық комиссия (ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия) өз алаңында зерттеушілердің өзекті материалдарын орналастыру және жүйелеу үшін бірыңғай ғылыми деректер базасын құруға ниетті», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар