+7 (701) 759 90 19
USD 425.3 EUR 501.05
RUB 5.85 CNY 65.88
Jańalyqtar

«Отбасы банкі» базасында Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы құрылады

2021 жылғы 23 ақпан 09:35
Бөлісіңіз:
«Отбасы банкі» базасында Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы құрылады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Отбасы банкі» базасында «Тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі орталық» құрылады. Бұл туралы Үкімет отырысында тұрғын үй саясатының жаңа тәсілдерін жариялаған ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Тұрғын үй кооперативтерінің қызметін қатаң регламенттеу қажет – Мәжіліс депутаты Халықты баспанамен қамтуда алға шыққан үш өңір белгілі болды Алматыда жыл соңына дейін 2,6 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі

«Кезек мәселесін шешу үшін Мемлекет басшысы жергілікті атқарушы органдардағы тұрғын үй кезектілігін бере отырып, «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» негізінде толыққанды даму және қолдау институты ретінде «Отбасы банк» құруды тапсырған болатын. «Отбасы банкі» жұмысының негізгі қағидаты ең алдымен, халықтың әлеуметтік осал топтары үшін баспананың қолжетімділігін арттыруға бағытталады», - деді министр.

Оның айтуынша, «Отбасы банкі» базасында «Тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі орталық» құрылады.

«Ол үйге мұқтаж жандарды есепке алады. Сондай-ақ, қолжетімділік сатысына сәйкес тұрғын үйді кезекке қойылған күні бойынша бөледі. «Тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі орталық» базасы жеке тұлғалардың мемлекеттік дерекқорларымен интеграцияланады. Базаға деректі қайта енгізуге жол берілмейді. Азаматтар мемлекеттік бағдарламаларға бір рет қана қатыса алады», - деді Бейбіт Атамқұлов.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT