«Отар» әскери базасында жауынгерлік парад өтіп жатыр

None
None
ОТАР. ҚазАқпарат - Жамбыл облысындағы «Отар» әскери базасында жауынгерлік парад өтіп жатыр. Оны Елбасы - ҚР Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев тамашалап отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жауынгерлік парад  5 тактикалық эпизодтан тұрады.

Әскери бөлімшелердің қызметшілері әуе және  құрлықтағы ұрыс техникаларын пайдалана отырып, шартты деп белгіленген жау нысандарын жою шеберлігін көрсетеді.

Бірінші эпизодта көрермендерге жау нысандарын барлау барысында табу машықтары көрсетілсе, екінші эпизодта әуе артиллериясы оларды ракеталық соққылармен жоюға тырысты.

Екінші эпизодта брондалған тактикалық топтың шабуылы мотоқару топтары мен Т-72 танкілерінің, БМП-2 әскери көліктерінің, БТР-82А бронетранспортерлерінің, «Терминатор» БМПТ  көліктерінің қарулы жауға қарсы шабуылына ұласты.

Үшінші эпизодта Аэроұтқыр десант әскерилерінің әуедегі жойқын шабуылына ұласты. Мұнда көрермендер әскери десантшылардың үш тәсілмен жерге қонуын тамашалады.

Төртінші эпизодта әскерилер жау әскеріне елді мекен ішінде тойтарыс беруге тырысты.

Бұл эпизодта шабуыл ротасы  «Василек» 82 мм автоматтық минометтерімен, КамАз көліктеріне орнатылған зениттік ЗУ-23-2 қондырғыларымен, арнайы жасақ ұландары Toyota Pick UP көліктерінде орнатылған пулеметтерімен жауға қарсы шықты.

Бесінші эпизодта жаудың заңсыз қаруланған нысандары жойылатын болады.

Сонымен қатар, бұл кезеңде С-295 ұшағынан парашютистердің түсуі көрсетіледі.

Мұнда фронттық, армиялық, әскери-көліктік авиация, С-295, Су-30 көпнысанды жою ұшақтары өз машықтарын  көрсетеді.

Соңғы жаңалықтар