«Отар» әскери базасы Халықаралық Армия ойындарын өткізуге дайын

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - АрМИ-2017 аясында 2017 жылдың 1-9 тамызы күндері «Отар» әскери базасында «Артиллериядан оқ ату шеберлері», «Мергендер шебі» және «ҰҰА топтарының сайысы» атты үш байқау өтеді.

Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Әзірге 18 елдің әскери қызметшілері байқауға қатысатындарын растады. Олар: Әзербайжан, Армения, Бангладеш, Беларусь, Венесуэла, Грекия, Зимбабве, Үндістан, Иран, Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Моңғолия, Ресей Федерациясы, Тайланд, Тәжікстан, Өзбекстан және ОАР. Сондай-ақ, ойындардың басталу қарсаңында Египет пен Пәкістанның бақылаушылары қосылады.

null 

«Ойындардың негізгі мақсаты мемлекеттер арасындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайту, жауынгерлік дайындық тәжірибелерімен алмасу, жаңа қару-жарақтарды таныстыру және жеке құрамды оқыту. 40-шы әскери базада әрбір қатысушының достық пен өзара құрмет аясында өз кәсіби дағдылары мен жауынгерлік шеберлігін лайықты көрсете алуы үшін бар жағдайды жасауға тырыстық», - дейді Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы Мұрат Бектанов. 

null 

 «Артиллериядан оқ ату шеберлері» сайысында әр мемлекет атынан 21 адамнан құралған команда қатысуы тиіс. Команда құрамында 5 адамнан құралған 3 миномет тобы болуы қажет. Сайысты өткізу үшін әрбір командаға көпнысаналы жеңіл сауытты тартқыш (МТЛБ), автоматтар, мина атқыштар мен граната атқыштар беріледі.

«Мергендер шебі» сайысында әр мемлекеттен 11 адамдық команда қатысады. Конкурсты өткізу үшін командаларға «Аселсан» түнгі нысанасы мен оптикалық нысанасы бар Драгунов мергендік винтовкалары беріледі.

null 

«Ұшқышсыз ұшу аппараты топтарының сайысында» әрбір мемлекет 10 адамнан құралған командасын байқауға қосады. Байқауды өткізу үшін командаларға оптикалық-электрондық пайдалы жүктемемен және іштен жанатын қозғалтқышпен жабдықталған, қозғалысының радиусы 1000 шақырымға жететін ұшақ тәріздес ҰҰА кешені (қысқа қашықтықта) және оптикалық-электрондық пайдалы жүктемемен және электрлі қозғалтқышпен жабдықталған, қозғалысының радиусы 40 шақырымға жететін ұшақ тәріздес ҰҰА кешені беріледі.

null 

Атап өткен жөн, Қазақстан Халықаралық Армия ойындарының қатысушыларын екінші рет қабылдап отыр. Командалардың қатысушыларының жайлы тұру үшін бар жағдай жасалған, тамақтану рационы қонақтардың асханасына барынша бейімделген. Биылғы байқауды қазақстандықтар ҚР Қорғаныс министрлігінің сайтындағы онлайн-трансляция арқылы тамашалай алады.

Еске сала кетсек, өткен жылы Қазақстан Қарулы Күштерінің құрамасы Халықаралық Армия ойындарын жеңіспен аяқтаған еді. Жалпыкомандалық есепте еліміздің әскери қызметшілері Азия, Еуропа, Африка және Латын Америкасының 19 мемлекетінен жиналған 120 әскери команда арасында екінші орын алды. Бірінші орынды Ресей иеленсе, үшінші орынды Қытай командасы еншілеген еді. 

null null null 

Соңғы жаңалықтар