USD 434.24 EUR 492.69
RUB 5.67 CNY 68.46
Jańalyqtar

Отаншыл әрі ұлтжанды жастар ғана елімізді өркендете алады - Қасым-Жомарт Тоқаев

2021 жылғы 8 желтоқсан 11:50
Бөлісіңіз:
Отаншыл әрі ұлтжанды жастар ғана елімізді өркендете алады - Қасым-Жомарт Тоқаев

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жасампаз, отаншыл әрі ұлтжанды жастар ғана елімізді өркендете алады. Бұл туралы бүгін Ақордада «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын салтанатты табыстау шарасында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Жақсылық жасау ұлтымыздың ұраны болуы тиіс – волонтер Әсел Мырзахметова Бізге жаңа салық саясаты қажет - Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекет басшысы: Мен үшін мемлекет мүддесі жекелеген жақсы қатынастардан да жақсы

«Сіздер нағыз дарынды адамдарсыздар. Сондықтан гранттарыңыз құтты болсын! Сіздерге өз жобаларыңызды іске асыруға жақсы мүмкіндік беріліп отыр. Қазақта «талаптыға жол бер» деген нақыл сөз бар. Мемлекет жастардың талабын ұштауға барынша жағдай жасап келе жатыр. Атқарылып жатқан ауқымды жұмыстың, реформалардың игілігін сіздер көресіздер деп білемін», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

ҚР Президенті жақында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жастарға терең мағыналы үндеуін жолдағандығын еске салып өтті.

«Өскелең ұрпақ аға буынның үмітін ақтайтындығы сөзсіз. Сол үшін әрбір жас бойына тек жақсы қасиеттерді сіңіруі керек. Әрдайым білімге құштар, еңбекқор болу қажет. Жасампаз, отаншыл әрі ұлтжанды жастар ғана елімізді өркендете алады. Мен сіздерді болашақта кәсіби маман, өз ісінің нағыз майталманы болады деп сенемін. Баршаңызға зор денсаулық, толағай табыс тілеймін», - деді Мемлекет басшысы.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT