+7 (701) 759 90 19
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.2
Jańalyqtar

Отандық ZіK компьютерлерінің сериялық өндірісі іске қосылды

2020 жылғы 14 тамыз 12:08
Бөлісіңіз:
Отандық ZіK компьютерлерінің сериялық өндірісі іске қосылды

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавлда отандық ZіK компьютерлерінің өндірісі іске қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

13 тамызынан бастап «Қазақстан инжиниринг» ұлттық компаниясының еншілес кәсіпорыны Киров атындағы зауыт алғашқы 5 мың компьютер техникасын жинақтай бастады, олар елдің білім басқармасына жеткізілмек.


Бұрын хабарланғандай 2020 жылдың 1 шілдесінде Майкрософт пен «С.М.Киров атындағы зауыт» арасында ZіK компьютерлерін Windows 10 Pro лицензиялық операциялық жүйесімен жабдықтау туралы келісімшартқа қол қойылған болатын.


ZіK компьютерлерінің бірнеше үлгісі шілдеде Солтүстік Қазақстан облысының білім басқармасында қалалық және ауылдық мекемелерде арнайы сынақтан өткен. Сынақ нәтижелері бойынша ноутбуктер мектепте пайдалануға ұсынылды.


Қазіргі уақытта отандық компьютерлер шығаратын жобаны локализациялау үлесі шамамен 30% құрайды. Пайыз біртіндеп артып келеді, бұл болашақта пайдаланушыларға негізінен Қазақстанда жасалған өнімдерді сатып алуға мүмкіндік береді.

Зауыт жылдың аяғына дейін тапсырыс берушілердің сұранысына қарай, тағы 60 мыңға жуық дербес компьютер мен ноутбук өндіруді жоспарлап отыр.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT