Отандық жеңіл атлеттер ардагерлер арасындағы жарыста 14 медаль жеңіп алды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Малайзияның Пенанг қаласында ардагерлер арасында өткен I Азия-Тынық мұхиты ойындарында жеңіл атлетика жарысына төрт құрлықтан 30 елдің өкілі қатысты. Сынға түскендер арасында қазақстандық 7 жеңіл атлет бар. Спортшыларымыздың барлығы жеңіс тұғырына көтерілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат kazathletics.kz сайтына сілтеме жасап.

Жарыс бағдарламасына спорттың 22 түрі енгізілді. Қатысушылардың басым көпшілігі жеңіл атлетикадан өнер көрсетті. Оған 4 құрлықтан 30 елдің ардагерлері қатысты. Жеңіл атлетика сайыстарында еліміздің түкпір-түкпірінен 7 қазақстандық бақ сынады.

Отандастарымыз жалпы 14 медаль иеленді. Оның ішінде 7 алтын, 4 күміс және 3 қола бар.


- Марат Балтабаев (Алматы),   70-74 жас аралығындағы жас ерекшелігі бойынша топ - 3 алтын медаль:

Кедергімен 2000 метр -  1 орын    (9:48.89);

5000 метр -  1 орын    (23:11.79); 

Ойлы-қырлы жерлермен 10 шақырым  - 1 орын  (52:44);


- Виктор Бондарь  (Павлодар), 55-59 жас аралығындағы топ - алтын, күміс және 2 қола медаль:

Ойлы-қырлы жерлермен 10 шақырым -  1 орын  (41:17);

Кедергімен 3000 метр          -  2 орын  (12:14.36);

1500 метро                                            -   3 орын  (4:56.09);   

 800 метр                                              -    3 орын   (2:22.93); 

 
- Молдабай Байтурин  (Ақтөбе),  65-69 жас аралығындағы топ - алтын және күміс медаль:

 Ядро тастау                                       - 1 орын (11.29);

 Найза лақтыру                                       -  2 орын (44.98);        


- Виктор Молодцов  (Павлодар),  65-69 жас аралығындағы топ  - алтын және қола медаль:

Шарбалға лақтыру                                  -  1 орын (36.24);

Диск лақтыру                                     -   3 орын (31.88);


- Мақсұт Кенжерей (Орал), 65-69  жас аралығындағы топ -  алтын медаль:

Ойлы-қырлы жермен 21 шақырым -  1 орын (1:56:00);


- Сергей Климов (Алматы),  65-69 жас аралығындағы топ -  күміс медаль:

Шарбалға лақтыру -  2 орын (34.34);


- Валентин  Ухов  (Павлодар) 70-74 лет жас аралығындағы топ - күміс медаль:

Кедергімен 2000 метр -   2 орын  (11:09.48).

Соңғы жаңалықтар