Отандық және халықаралық сарапшылар мемлекеттік аудиттің маңыздылығын талқылап жатыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада отандық және халықаралық сарапшылар мемлекеттік аудиттің маңыздылығы мен рөлін талқылап жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазірдің өзінде алдағы онжылдық біз үшін ғана емес, бүкіл әлемдік қоғамдастық үшін де оңай болмайтыны анық. Сондықтан қоғам кез-келген сын-тегеурін мен қауіптерге дайын, ал мемлекет басқарудың барлық саласын үздіксіз жетілдіріліп отыруы тиіс. Біздің бүгінгі конференциямыздың тақырыбы қазіргі, тез өзгеретін заманда мемлекеттік аудит жүйесін одан әрі дамытудың басым бағыттарын қайта қарауға арналып отыр. Мемлекеттік әлеуметтік аудиттің практикалық маңызы жоспарлы индикатор мен нақтылық арасындағы алшақты азайтқанда ғана өз тиімділігін көрсетеді», - деді ҚР Есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунова халықаралық конференцияның ашылу салтанатында.

Комитет басшысының мәлімдеуінше, COVID-19 індеті мемлекеттік басқару жүйесінде әлеуметтік фактордың маңыздылығын өзекті етті.

«Осы орайда мемлекет пен қоғамның ерікті диалогы негізінде әлеуметтік-экономикалық қатынастарды реттеудің неғұрлым тиімді құралы ретінде әлеуметтік аудиттің рөлін ашып көрсетуге мән беріп отырмын. Біз елімізде аудиторлық іс-шаралармен қатар, Президент Әкімшілігімен бірлесіп, мемлекеттік органдардың азаматтармен өзара іс- қимыл тиімділігін бағалау бойынша жұмыс жасап жатырмыз. Ондағы мақсат - мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету және шағымдар мен өтініштерді қарау, сондай-ақ мемлекеттік органдардың ашықтығын қамтамасыз ету бойынша тиімділікті айқындауға бағытталған», - дейді ол.

Айта кетсек, бүгін елордада онлайн-форматта Есеп комитетінің 25 жылдығына арналған «Жаңа тарихи шындық жағдайындағы мемлекеттік аудит жүйесі» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтіп жатыр.

Аталған шараға Президент Әкімшілігі, ҚР Үкіметі мен қатар 27 елдің жоғары аудит органдарының өкілдері, сонымен қатар 11 жоғары оқу орны мен 17 тексеру комиссиясының өкілдері қатысып жатыр.

Сондай-ақ, халықаралық конференцияда Ресей Федерациясы Есеп палатасының төрағасы Алексей Кудрин, Беларусь Республикасы Мемлекеттік бақылау комитетінің төрағасы Василий Герасимов және Қытай Халық Республикасы Ұлттық аудит офисінің аудиторлық зерттеулер институтының бас директоры Дзянг Дзянхуа және басқа да құрметті қонақтар құттықтау сөз сөйледі.


Соңғы жаңалықтар