Отандық вакцина салдырған ағзада антидене қашан қалыптасады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – QazСovid-in вакцинасының толыққанды көрсеткіштері вакцина еккеннен кейін 42 күнде белгілі болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Білім және ғылым министрлігіне қарасты Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының бас директоры Күнсұлу Закарья QazСovid-in вакцинасы антиденені қалай қалыптастыратынын түсіндірді.

«Антиденелер вакцина салдырғаннан кейін 14 күннен кейін қалыптасады. Жалпы вакцина екі рет егіледі. Яғни, ревакцинация жиырма бірінші күні жасалады. Сонымен, 42 күнде ең толық көрсеткішті анықтай аламыз. Көрсеткіштер өте жоғары. Ауруды нейтралдандыратын антиденелер мен гуммаралды жасушалық иммунитет көрсеткіштері бойынша дүниежүзінде шығарып жатқан вакциналардың бірқатарынан да жоғары нәтижелерді көрсетіп отыр», - деді институт директоры орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.


Соңғы жаңалықтар