Отандық тұқым өндірушілерге басымдық беру ДСҰ талаптарына қайшы - АШМ

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Отандық және шетелдік тұқым өндірушілер арасында преференциялар беру протекционизм ретінде бағалануы мүмкін. Ауыл шаурашылығы министрінің бірінші орынбасары Айдарбек Сапаров Мәжіліс депуттарының сауалына осындай жауап қайтарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мәжіліс депуттары Аманғали Бердалин, Асқарбек Үйсімбаев пен Қайнар Абасовтың сауалына берген жауабында Айдарбек Сапаров бірегей тұқым өндірісін субсидиялау неге тоқтатылғанын түсіндірді.

«Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау шарты бойынша тұқым сатып алуға кеткен шығындарды ақпараттық жүйеде электрондық шот-фактураларды ұсына отырып дәлелдеу қажет. Осыған байланысты элиталық тұқым өсіру шаруашылықтарына нақты өткізілген бірегей тұқымдардың көлемі субсидияланады. Бірегей тұқымның өзіндік өндірісін субсидиялау кезінде ақпараттық жүйеде жүргізілген көлемді құжаттардың көмегімен растау мәселесі туындайды. Осыны ескере отырып бірегей тұқым өндірісін субсидиялау орынсыз болып табылады», - деді вице-министр.

Сондай-ақ, ол отандық тұқымға берілетін субсидияның көлемін шетелден алатын тұқымға төленетін субсидиядан артық етіп белгілеу мүмкін еместігін ескерткен.

«Отандық селекция сұрыптарын субсидиялау нормативтері туралы айтсақ, отандық және шетелдік өндірушілер арасында преференциялар беру отандық өндірушілердің протекционизмі ретінде бағалануы мүмкін Қазақстанның ДСҰ-ға мүшелігі шеңберінде осы шараны қабылдау қолайсыз екенін атап өтеміз», - деді Айдарбек Сапаров өз жауабында.


Соңғы жаңалықтар