Отандық трактор мен комбайндарды бастапқы жарна төлемей-ақ лизингке алуға болады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Отандық тракторлар мен комбайндарды лизингке бастапқы жарнасыз ұсыну туралы бұйрық қабылданды, деп хабарлайды Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі дағдарысқа қарсы шараларды іске асыру шеңберінде трактор мен комбайнды жаңартуды қаржыландыру бойынша заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестицияларды қаржы-экономикалық негіздеудің кейбір мәселелері туралы бұйрыққа қол қойды.

Осы бұйрық шеңберінде «ҚДБ-Лизинг» АҚ осы жылдың соңына дейін атаулы мөлшерлемесі 6% және лизингке бастапқы жарнасыз отандық тракторлар мен комбайндарды ұсынады.

Қазіргі уақытта аталмыш бағдарламаға келесі техникалар кіреді:
➖ «Lovol» («Агромашхолдинг KZ» АҚ), «Versatile» («Қазақстан Агро Инновациялық Корпорациясы» ЖШС), «Беларус» («СемАз» ЖШС, «Композит Групп Казахстан» ЖШС және «Қазақстан Агро инновациялық корпорациясы «ЖШС) және «Кировец» («Қостанай трактор зауыты» ЖШС») тракторлары;
➖ «Essil» («Агромашхолдинг KZ» АҚ), «Acros» («Қазақстан Агро инновациялық корпорациясы» ЖШС, «Kazrost Engineering Ltd» ЖК), «VECTOR 410 KZ» («Kazrost Engineering Ltd»ЖК) комбайндары.



Соңғы жаңалықтар