Отандық телеарнада балалар күніне орай қайырымдылық телемарафоны өткізіледі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Қазақстан» телерадиокорпорациясы 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Айналайын» қайырымдылық телерадиомарафонын өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Шараның негізгі мақсаты – денсаулығына байланысты көмекке мұқтаж балаларға көпшіліктің атсалысуымен қолұшын созу, олардың жарқын болашағына жол ашу.

Тікелей эфир барысында нефробластома дертімен күресіп келе жатқан 6 жастағы елордалық Альарназ Әбдікәрімге, лейкоз диагнозымен Түркияда ем алып жатқан 4 жастағы Жезқазған қаласының тұрғыны Батыр Абинге, микротия және атрезия диагнозы қойылған 5 жастағы алматылық Әлима Жаңабайға, эпилепсия, гипоплазия дертіне шалдыққан 5 жастағы Атырау тұрғыны Әмір Бадаковқа көмек көрсетіледі.
Телерадиомарафон Qazaqstan телеарнасынан 1 маусымда 12:00, 15:00, 17:15, 20:30-да, Qazaq radiosy-нан 17:15 және 20:30-да тікелей эфирде өтеді.

Эфир барысында көмек көрсетілетін кейіпкерлердің реквизиттері төменде көрсетілген. Қаржы кейіпкерлердің жақындарының атына ашылған есепшотқа түседі.

1.Альарназ Әбдікәрім
Гүлайым Абдрахманованың атына ашылған есепшот:

KASPI GOLD: 4400 4301 1376 7195

KZ83 722C 0000 1678 5095
2. Батыр Абин

Зәуре Төлебаеваның атына ашылған есепшот:

KASPI GOLD: 5169 4971 4380 4890

KZ68 722C 0000 1492 7039
3. Әлима Жаңабай

Аян Қаламованың атына ашылған есепшот:

KASPI GOLD: 5169 4931 9848 6576

KZ73722C000023417068

4. Әмір Бадаков
Асылай Бадакованың атына ашылған есепшот:

KASPI GOLD: 5169 4971 0338 1202

KZ07722C000015835572.
«Қазақстан» телерадиокорпорациясының биыл 1 наурыз – Алғыс айту күніне орай өткізген «Мың алғыс» қайырымдылық марафонында көмекке мұқтаж жандарға жомарт жандардың қолдауымен 22,2 млн теңге жиналған.


Соңғы жаңалықтар