Отандық тауарлардың 60 пайызы санитарлық талаптарға сай емес - Айзат Молдағасимова

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда тексерілген отандық өнімдердің 60 пайызы санитарлық талаптарға сай емес. Бұл туралы Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы Айзат Молдағасимова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы Айзат Молдағасимова отандық тауарлардың 60 пайызы санитарлық талапқа сай еместігін айтты.

«Алматыда тексерілген отандық тауарлардың 60 пайызы микробиологиялық көрсеткіштер бойынша талапқа сай емес. Жалпы, 2017 жылы барлығы 5 млн теңге көлемінде халық тұтынатын тауарлар сатып алынып, тексерілді. 2017 жылғы сараптама қорытындылары негізінде, сатып алынған тауардың 10,1% пайызы қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес еместігі анықталды. Оның ішінде: 10,4% - тамақ өнімдері, 20,0% - балаларға арналған тауарлар, 21% - ойыншықтар, 40% - жеңіл өнеркәсіп өнімдері. Отандық нарықты сырттан әкелінген сапасыз тауарлардан қорғауды қамтамасыз ету мақсатында 63 нысанға қатысты әкімшілік іс қозғалып, 7 000 265 теңгеге айыппұл салынды. 19 субъектінің қызметі тоқтатылды. Барлығы 6 705 013 теңгеге 4423,11 кг сапасыз өнім қолданыстан шығарылды», - деді департамент басшысы.

Департмаент басшысының айтуынша, 2017 жылы ведомство жоспарлы түрде 19 түрлі тамақ өнімдерін сатып алған.

«2613 сатып алынған өнімнің 264-і санитарлық-эпидемиологиялық сараптама қорытындысына сәйкес нормативтік техникалық құжаттама талаптарына сай келмеді. Оның ішінде 12,9%-ы отандық өндірістің тауарлары, 5,7%-ы - ЕАЭО елдері өндірісінің тауарлары. Оның 72 пайызы дұрыс таңдабаланбаған болса, 31% пайызы микробиологиялық көрсеткіштер бойынша талапқа сай болмай шықты. Отандық тауарлардың дені осы микробиологиялық талаптарға сай емес», - деді ол.

Департамент басшысының айтуынша, «Куликовский», «Коломенский», «Алматинский продукт» сынды бірқатар кондитерлік өнім өнідірушілер тауарларының да талапқа сай еместігі анықталған.

«Кондитерлік өнімдер бойынша 138 сынама 62 өндірушіден сатып алынды, 15 сынаманың сәйкес еместігі анықталды», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар