Отандық шаруалар мал жүнін Қазақстан-Италия бірлескен кәсіпорнына өткізе алады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысында итальяндық технология бойынша өңделген жүннен тоқылмаған материалдар өндіріле бастайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

26 қыркүйекте Қазақстанның Ауыл шаруашылығы министрлігі CORMATEX S.r.l. және KAZAKH INVEST ҰҚ АҚ арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.

«Жобаны KazFeltec ЖШС қазақстандық компаниясы итальяндық инвестор Cormatex-пен бірлесіп іске асыратын болады. Ол қаржы құюдан басқа, кәсіпорынды итальяндық технологиямен және жабдықтармен қамтамасыз етеді. Жобаның құны 10 млн долларға бағаланады, оның 70 %-ын қарыз сомасы құрап отыр», - деп хабарлады АШМ.

Айта кетейік, қазіргі уақытта Қазақстанда жүннің 70%-ға жуығы кәдеге жаратылады. Жаңа жобаның ашылуы мультипликативті әсерге ие болады, соның арқасында қазақстандық мал өсірушілер малдың жүні мен терісін сатып, пайда таба алады.


Соңғы жаңалықтар