Отандық сериалдардың сапасы мен тілдік ерекшелігіне назар аударылуы керек – жазушылар пікірі

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Отандық сериалдардың көркемдік сапасы мен тілдік ерекшелігіне назар аударылуы керек. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі жанынан құрылған қоғамдық көркемдік кеңестің алғашқы отырысында жазушылар осындай мәселе көтерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Мемлекет басшысының тапсырмасымен тарихи жобалараға, халқымыздың салт-дәстүрі мен тарихын, негізгі құндылықтарын насихаттайтын өнімдерге баса назар аударып отырмыз. Министрліктің жанынан қоғамдық кеңес құрудағы мақсат – сериалдық және деректі фильм өндірісінің дамуына сапалы ықпал ету, болашағына бағдар беру, сериалдық өнімдердің өзекті мәселелерін талқылау, өнімдердің тақырыптық әрі мазмұндық бағытын саралау. Тарихи кезеңдерге, ұлт болмысын өзгерткен оқиғаларға, қоғам өміріндегі көкейкесті мәселелер мен процесстерге мән берілмек. Тағдырлы кезеңдердің басы-қасында жүрген тұлғалардың рөлін де сол тақырып аясында тұтас көрсету көзделіп отыр», - деді Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі қоғамдық көркемдік кеңестің алғашқы отырысында.

Кездесуге белгілі жазушылар, режиссерлер, сценаристер мен телеарна басшылары қатысты.

Кеңес отырысында жазушы Смағұл Елубай сериалдардың көркемдік сапасын арттыру мәселесін көтерсе, жазушы, драматург Роза Мұқанова телехикаялардың көркемдік шешіміне мән беріліп, тілдік ерекшелігіне баса назар аударылуы керектігін айтты. Сонымен бірге, режиссер Қалила Омар балаларға арналған телехикаялар өндірісін қолға алу мәселесін көтерсе, Александр Аксютиц жас мамандарға дебют беру бастамасын қолға алуға шақырды.

Фото: facebook.com/aqparatqogam
Соңғы жаңалықтар