Отандық өнім экспортының әлеуеті артып келеді - ОҚО

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында отандық өнім экспортының әлеуетін арттыруда Кентау трансформатор зауыты көш бастап тұр. Сенат депутаттарымен кездескен зауыт ұжымы бұл жетістіктерін мемлекет тарапынан жасалып жатқан қамқорлықпен байланыстырады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Кәсіпорын қазіргі таңда шығарып жатқан өнімінің 45 пайызын Орталық Азия елдеріне жөнелтеді. Сондай-ақ ТМД елдерімен де тығыз байланыс орнатқан. Ресеймен шекаралас өңірде зауыт ашып, екі жақты сауда-саттық дамып келеді. Бұл Жолдауда Елбасы айтқан отандық тауар экспорты әлеуетінің артқанын байқатады.

Бүгінде зауыт 1200-ден аса адамды жұмыспен қамтып отыр. 80 мегаватты трансформатор жасап шығарып, өнімнің 350 түрін өндіреді. Мемлекет қолдауының арқасында өндіріс қуаттылығы жыл санап артып, жаңа заманауи технологиялар ендіріліп жатыр. Бұл өз кезегінде өңір әлеуетінің артуына үлкен көмек болуда. Мұның бәрі Елбасы саясаты мен мемлекеттік бағдарламалардың арқасында жеткен жетістік, - дейді зауыт басшылығы.

null 

«Біз енді зауытқа бүкіл сандық технологияны әкеліп жатырмыз. Менің ойымша біз Елбасы Жолдауындағы көрсетілген бағыт-бағдарды бастап кеттік. Екінші мынау адами ресурс деген мәселеге өте үлкен көңіл бөлді. Әрбір қазақстандық маман сол сандық технологияны меңгерсе біз сол мақсатқа жете аламыз. Мемлекет тарапынан көрсетілген қолдаудың арқасында ұжым көрсеткішті еселей бермек. Ол үшін кәсіпорынның мүмкіндігі мол», - деді «Кентау трансформатор зауыты» АҚ-ның Бас директоры Серғазы Күнтуаров.

Ал, Сенат депутаттарының сөзінше, биылғы Жолдауда Елбасы екшеген міндеттердің бір парасы аталмыш зауытта қазірдің өзінде қолға алынған. Кәсіпорын өндіріске қажетті мамандарды да өздері оқытып, дайындайды. Бұл мемлекетке өте тиімді.

null 

«Осы трансформатор зауытында қолданылып жатқан сандық және инновациялық технологиялардың барлығы Елбасы Жолдауында айтылған. Бүгінде бұл зауыт Мемлекет басшысының айтып отырған саясатымен жүріп келе жатқан әрі өзге кәсіпкерлік нысандарға үлгі болатын бірден бір зауыт болып отыр. 3-ші жаңғыру Қазақстанның күні бүгінге дейін қол жеткізген жетістіктерін ары қарай еселеп, ел экономикасының өркендеуіне негіз болмақ, - деді ҚР сенат депутаты Әли Бектаев.

Соңғы жаңалықтар