Отандық өндірушілерге тауарларын жарнамалау үшін мемлекет тарапынан арнайы жәрдемақы беру қажет

None
None
sp;АСТАНА. Қарашаның 6-сы. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Отандық өндірушілерге  тауарларын жарнамалау үшін мемлекет тарапынан арнайы жәрдемақы беру қажет. Бұндай пікірді «Нұр Отан» ХДП Партиялық бақылау комитеті жанындағы  Мемлекеттік сатып алулардың  қазақстандық  үлесін мониторингілеу және   бақылау  жөніндегі  қоғамдық комиссияның   бірінші   мәжілісінен кейін БАҚ өкілдеріне арнайы сұхбат берген «Атамекен одағы» Қазақстанның ұлттық экономикалық палатасының төрағасы Азат Перуашев білдірді. 

    Оның айтуынша, қазіргі уақытта еліміздегі жарнама агенттіктерінің бағасы отандық өндіруші мен шетелдік өндіруші үшін де бірдей. Ал қазақстандық тауарлардың өтімділігін жоғарылату үшін жарнаманың атқаратын рөлі зор. Жарнама құнының тым жоғары болуына байланысты отандық тауар өндірушілер оған қосымша қаржы бөлулеріне мүмкіндіктері жоқ.

 «Біз  жарнаманың құнын отандық өндірушілер үшін біраз төмендетуіміз қажет. Ал бағаны төмендетудің бір ғана жолы бар. Яғни мемлекет тарабынан жәрдемақы беру. Осы орайда, аталған жәрдемақыны өндірушілерге емес, сол жарнаманы шығаратын агенттіктерге беруіміз қажет деген ойдамын», деді А.Перуашев.

Соңғы жаңалықтар