Отандық өндірушілер Астана әкімдігімен бірлесіп жаңа туған сәбилерге сыйлықтар берді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанадағы №3 перинаталдық орталықта Астана қаласы әкімдігі мен жеңіл өнеркәсіп өнімдерінің ірі отандық тауар өндірушісі «ASTANA Ютария Ltd ӨИК» ЖШС-нің жаңа туған нәрестелерге арналған сыйлықтарын табыстау шарасы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шараны ұйымдастыруға Астананың 20 жылдығына орай қала әкімдігі және «ASTANA Ютария Ltd ӨИК» ЖШС мұрындық болып отыр. Ол бүгінгі таңда еліміздегі ең ірі тігін және тоқыма өнімдерін шығару бойынша ең ірі компаниялардың бірі болып табылады.

Үстіміздегі жылдың екінші жартысынан бастап акция аясында компания астаналық нәрестелер мен балаларға 20 мыңнан астам сыйлықтар топтамасын тарту еткен.

Бұл жылдың екінші жартысы басталғалы аталған акция аясында компания 9 мыңнан аса сыйлықтар топтамасын өндіріп, оны жаңа босанған аналар мен сәбилерге табыстады.

null

«ASTANA Ютария Ltd ӨИК» компаниялар тобының даму және стратегиялық жоспарлау жөніндегі директоры Әсел Жүргенованың айтуынша, сыйлықтар топтамасы нәрестелер мен олардың анасына алғашқы күндері қажет болатын 17 түрлі заттан тұрады.

«Топтамаға Ханшатыр, Бәйтерек сияқты Астананың көрнекті орындарының кескіні түсірілген төрт түрлі жаялық кіреді. Ол кескіндерді кәсіпорын дизайнерлері арнайы әзірлеген. Бұдан тыс, топтамаға нәрестенің түймесіз жейдесі, қолғап, тоқылған бас киім мен орамал, шұлық, балалр конверті, трикотаж еңбектеме, күртеше, телпек, аналарға арналған қолайлы сөмке, сәбидің алжапқышы да бар. Өнімдердің барлығы мемлекеттік сертификатқа ие, барлық экология нормаларына жауап береді, табиғи матадан, және қазақстандық мақтадан тігілген», - дейді Ә. Жүргенова.

null

Оның сөзіне қарағанда, бұл бастама тұтас әлеуметтік жобаға айналып, барлық аналардың көңілінен шығып отыр.

Әкімдік пен компанияның осы қамқорлығына көп балалы ана Альбина Серкебаева алғыс айтты.

«Бұл біз үшін күтпеген сыйлық болды. Оның үстіне мен алтыншы баламды босандым. Мемлекеттің мұндай қамқорлығы өте қуантады. Біз үшін бұл шынымен де маңызды», - дейді Альбина Серкебаева.

«Астана қаласының әкімдігі және біз отандық тауар өндіруші ретінде республиканың жаңа азаматтарының өмірге келуі аса маңызды екенін білдіріп, кішігірім қамқорлық танытқымыз келді. Бүгінгі таңда Қазақстанда жеңіл өнеркәсіп жақсы дамып келеді. Отандық өнімдер шетелдік тауарларға бергісіз», - дейді «ASTANA Ютария Ltd ӨИК» компаниялар тобының даму және стратегиялық жоспарлау жөніндегі директоры.

null

Оның сөзіне қарағанда, елордалықтар отандық өндірісші шығарған киім, бас киім және аяқ киімдерді Күмісбеков көшесі, 3а мекенжайында орналасқан «УниверMAG.kz» дүкенінен қолжетімді бағамен алуына болады.

«ASTANA Ютария Ltd ӨИК» компаниялар тобының нарықта жүргеніне 18 жылдан асты. Осы кезең барысында ол өзін жоғары сапалы отандық тауар шығарушы ретінде танытып үлгерді. Кәсіпорында жеңіл өнеркәсіп өнімдерінің неше түрі шығарылады. Оның ішінде күнделікті киюге арналған және киім-кешек, үй киімдері, трикотаж өнімдері, мектеп және модель киімдері де бар. Компания былтырдан бері шығарып келе жатқан классикалық костюмдер экспортқа да жіберуге болады. Сондай-ақ, кәсіпорын барлық салаға арналған киімдерді, және әскери формаларды да өндіреді», - деді Ә. Жүргенова.

null null null null null null null null null null null null null null null

Соңғы жаңалықтар