Отандық мұнай өнімдері жақын арада нарықты жаулай бастайды - вице-министр

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - ҚР Энергетика вице-министрі Махамбет Досмұхамбетов «KEOGE» - «Мұнай және газ» халықаралық мұнай және газ көрмесі аясында қазақстандық мұнай өңдеу зауыттарының ахуалын тілге тиек етті, деді ҚазАқпарат тілшісі. 

Оның айтуынша, қазақстандық нарықта отандық мұнай өнімдерінің көбейе бастайтын күні алыс емес.

«Бүгінде Атырау және Павлодар мұнай өңдеу зауыттарын қайта жаңғырту жобасы сәтті аяқталды. Шымкент МӨЗ жыл соңына дейін іске қосылады. Бұл жұмыстар аяқталған соң импортқа тәуелді болып отырған бензин, дизель отыны, әуе керосині бойынша отандық қамту белең ала бастайды», - деді Махамбет Досмұхамбетов.
null 

Вице-министр айтқандай, биыл үш МӨЗ-ге де жөндеу жұмысын автоматтандыру жүйесі енгізілген. Ол зауытты жөндеу уақытын 45 күннен 20 күнге дейін қысқартуға мүмкіндік береді. Зауыттар 3 жылда бір рет 45 күнге жабылатын болады. Әр зауытта мұнай өңдеу көлемі ұлғаяды. 

«Осылайша жақын арада қазақстандық нарықта отандық мұнай өнімдері көбейе бастайды», - деді ол. 
null 

Бүгін Алматыда «KEOGE» - «Мұнай және газ» халықаралық мұнай және газ көрмесі салтанатты түрде ашылды. Көрмеде мұнай өндіру кәсіпорындарына арналған заманауи технологиялар, инжинирингтік бағдарламалар көпшілік назарына ұсынылды. 

Одан бөлек, көрме аясында іскерлік кездесулер, таныстырулар, компаниялар мен мемлекеттік органдар арасында келіссөздер жоспарланған.

 

null
null null null null null

null null

null  

Соңғы жаңалықтар