Отандық медицинаға жасанды интеллект енгізілмек

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Отандық денсаулық сақтау саласына «Watson for oncology» жасанды интеллектін пилотты жоба ретінде енгізу жоспарланып отыр. Бұл туралы ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында Денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өткен жылдың қыркүйегінде Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі мен ІВМ компаниясы ынтымақтастық туралы келісімге келіп, оның аясында медицина саласына жасанды интеллектіні пилотты жоба ретінде енгізу жоспарланды», - дейді вице-министр.

Олжас Әбішевтің айтуынша, Онкология и радиология ғылыми-зерттеу институтының базасында пилотты апробация кезінде дәрігер-онкологтардың қатысуымен нозологияның 13 түрі бойынша (жыныс мүшесінің обыры, асқазан қылтамағы, өкпе қатерлі ісігі, сүт безінің қатерлі ісігі, жиек ішегінің ісігі, бауырдың қатерлі ісігі, өңеш, қуықалды безінің, тік ішек, жатыр және қалқанша безінің қатерлі ісігі) 57 емдеу процесі жүргізілген.

Дәрігерлер арасында жүргізілген сауалнама нәтижесінде қатысушылардың 90 пайызы пилотты апробацияға оң бағасын берген.

Соңғы жаңалықтар