Отандық машина жасау саласын импортқа тәуелділік шектеп отыр – министрлік

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Машина жасау әлеуетін дамытуға бірнеше маңызды фактор кедергі болып отыр. Ашық НҚА порталында жарияланған машина жасау саласын дамытудың 4 жылдық кешенді жоспарында осылай көрсетілген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Машина жасау әлеуетін дамыту, саланың ішкі және сыртқы нарықтарында отандық өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру бірнеше фактормен шектеледі. Салада машина жасау өнімдері өндірісінің жыл сайынғы жалпы өсуі аясында импортқа айтарлықтай тәуелділік сақталуда», - делінген Индустрия және инфроқұрылымдық даму министрлігінің талдау деректерінде.

Бүгінде машина жасайтын отандық кәсіпорындар ішкі нарықтың тек 20 пайызын ғана қамтып отыр.

«Ұлттық статистика бюросының дерегінше, еліміздің барлық импортының шамамен 40%-ы машина жасау өнімдері. Қазақстанның машина жасаудың ішкі нарығы отандық өндіріспен небәрі 20% қамтамасыз етіледі», - деп мәселе көтерілген кешенді жоспарда.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Қазақстандағы машина жасау саласын дамытудың 2024-2028 жылдарға арналған кешенді жоспары бекітілмек.


Соңғы жаңалықтар