+7 (701) 759 90 19
USD 432.64 EUR 505.02
RUB 5.47 CNY 64.7
Jańalyqtar

Отандық компьютер топтамасы СҚО-дағы мектептерге жөнелтілді

2020 жылғы 28 тамыз 17:17
Бөлісіңіз:
Отандық компьютер топтамасы СҚО-дағы мектептерге жөнелтілді

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысындағы Киров атындағы зауыт құрастырған компьютердің алғашқы легі – 470 компьютер өңір мектептеріне жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Петропавлдағы «С.М.Киров атындағы зауыт» облыстық әкімдіктің тапсырысын орындап, жаңа оқу жылы қарсаңында тиісті 2 мыңға жуық компьютерді құрастырып шықты. Бүгін техниканың алғашқы партиясы Петропавл қаласының және Қызылжар ауданының мектептеріне жіберілді.

«Бұл – үлкен істің басы деп сенеміз. Біздің компьютерлерге облыстан ғана емес, басқа өңірлерден де сұраныс болады деп ойлаймын. Бағасы арзан болғанымен, сапасы бәсекеге төтеп береді», - дейді «С.М.Киров атындағы зауыт» АҚ сату бойынша департамент директоры Мәди Бектенов.

Маманның айтуынша, компьютерлерге 3 жыл кепілдік беріледі. Толық жарақтандырылған бір компьютердің құны – 199 мың теңге. 2 мыңға жуық компьютер келісім бойынша 5 қыркүйекке дейін өңір мектептеріне жетуі тиіс.

«4 күн ішінде біз қажетті компьютерлерді аудандық білім бөлімдеріне жеткіземіз. Олар өз кезегінде әр мектепке тиісінше бөліп береді. Сынып жетекшілері мен мектеп қызметкерлері әр үй, пәтерге барып, бұл техниканы құруға көмектеседі. Мүлік уақытша беріледі. Індеттен кейін ол мектептерге қайтарылуы керек. Сол себепті ата-аналар компьютерлерді алмас бұрын оны тиісті жағдайда қайтаруға міндеттеме алып, құжатқа қол қояды. Алдымен табысы төмен, мұқтаж жандарға беріледі», - дейді СҚО білім басқармасының басшысы Гүлмира Кәрімова.

СҚО-да мектептердің 70 пайызы қалыпты режимде жұмыс істейді. 140-тан астам мектеп қашықтан оқытпақ. Ал Киров зауыты өңір мектептеріне компьютерлік техниканы жеткізгеннен кейін көрші облыстардың тапсырыстарымен айналыспақ. 15 қыркүйекке дейін 40 мың ноутбук өңірлерге жіберіледі.

Еске сала кетсек, Петропавлда отандық ZіK компьютерінің өндірісі іске қосылды. Қазіргі уақытта отандық компьютер шығаратын жобаны локализациялау үлесі шамамен 30%.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақерке Дәуренбекқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT