+7 (701) 759 90 19
USD 435.76 EUR 493.41
RUB 5.89 CNY 68.37
Jańalyqtar

Отандық кітаптардың 50 пайыздан астамы балалар мен жасөспірімдерге арналған

2021 жылғы 15 қазан 15:30
Бөлісіңіз:
Отандық кітаптардың 50 пайыздан астамы балалар мен жасөспірімдерге арналған

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда жарық көріп жатқан кітаптардың 50 пайыздан астамы балалар мен жасөспірімдерге арналған. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Астраханда Дина Нұрпейісованың 160 жылдығына арналған кітап таныстырылды Маңғыстау облысында 500 мың кітап қоры бар жаңа кітапхана ашылды Батыс Қазақстанда жазушы Жәрдем Тілековке мүсін орнатылды

«Бүгінде балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру бағытында бірқатар шаралар жүріп жатыр. Сонымен қатар оқу, жазуға ынталы жас таланттарды да қолдауға аса мән берілуде. Бүгінде елімізде шығатын кітаптардың 50 пайыздан астамы балалар мен жасөспірімдерге арналған. Және соңғы шығып жатқан кітаптарда арнайы QR код бар, ол балаларға оқуға ыңғайлылық үшін жасалып отыр. Яғни қажет жағдайда кітапты электронды форматта да оқи алады. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табады», - деді Ақтоты Райымқұлова елордада өтіп жатқан ұлттық мектеп спорт лигасы барысында.

Сондай-ақ, министр балалар шығармашылығын дамытуға арналған шараларға тоқталып өтті.

«Бүгін елордада «Жас қаламгер» балалар мен жасөспірімдерге шығармашылық байқау қорытындыланды. Елімізге танымал ақын, жазушылар балаларға дәріс оқып, әдебиет саласына жол ашып берді. Одан бөлек, жуырда ғана «Ер төстік» әдеби фестивалі де өз мәресіне жетті. Оған әр өңірден дарынды балалар қатысып, бақ сынады. Ол жерде балалар мен жасөспірімдердің үздік деген авторлық шығармалары айқындалды. Елімізде шығармашыл таланттар жеткілікті және біз оларды қолдауға әзірміз», - дейді ол.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әли Ибраев

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059

MURAǴAT