Отандық киножобаларды қаржыландыруға 4,4 млрд теңге бөлінді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биыл отандық киножобаларды қаржыландыруға бөлінген мемлекет қаражатының сомасы - шамамен 4,4 млрд теңге. Бұл жайында Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айта кетерлігі, питчингке қатысуға өтінім қабылдау 18 наурызда басталып, 15 мамырда аяқталды.

Осы жылы саланы мемлекеттік қаржыландыру сомасы 4,4 млрд теңге шамасында.

Алайда, орталық конкурс қорытындысы нақты қашан шығатынын айта алмай отыр.

Өйткені, ең алдымен орталық жанындағы сарапшылық кеңес мемлекеттік қаржыландырудан үмітті киножабаларды қарайды.

Одан кейін конкурс нәтижесінде іріктеп алынған жобалар мемлекеттік қолдауға үміткер фильмдердің соңғы тізімін келісетін ведомствоаралық комиссияға жіберіледі.

Осы рәсімдер аяқталғаннан кейін ғана ҚР Мәдениет және спорт министрінің ұлттық кино өндірісінің тақырыптық жоспарына кіретін киножобалардың тізімі көрсетілген бұйрығы шығады.

Соңғы 3 жылда мемлекет ұлттық кинематографияны қолдау үшін 11 млрд теңгеден астам қаражат бөлді.

Осы қаражатқа 48 фильм, оның ішінде 20 көркем, 12 деректі, 3 анимациялық және 13 дебюттік фильм түсірілді.


Соңғы жаңалықтар