Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 371.56 EUR 422.43
RUB 5.56 CNY 53.51
Jańalyqtar

Астанада «Қарлығаш ұя салғанда» телесериалының тұсаукесер рәсімі өтті

2018 жылғы 23 қазан 20:40 483
Бөлісіңіз:
 Астанада «Қарлығаш ұя салғанда» телесериалының тұсаукесер рәсімі өтті

  АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін «Хабар» агенттігінің тапсырысымен түсірілген «Қарлығаш ұя салғанда» телесериалының тұсаукесер рәсімі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Түркияда Қазақстанда жасалған алып ескерткіш орнатылады Роза Рымбаева Мәскеуде «Ұлттық айбын» сыйлығымен марапатталды

Жаңа туындыны көрермендер «Хабар» арнасынан 29 қазаннан бастап дүйсенбі-бейсенбі күндері сағат 19:15-те тамашалай алады. Романтика мен драмаға негізделген фильм 12 сериалдан тұрады.

«Қарлығаш ұя салғанда» телесериялының мазмұнына келсек, басты кейіпкер Қарлығаш (Кәмшат Жолдыбаева) жасы 32-де, жұмысында табысты. Жалғыз өзі үлкен үйде өмір сүреді, салауатты өмір салтын ұстанып дұрыс тамақтанады, ең қымбат дүкендерден киінеді, алайды жеке өмірі сәтсіз. Бірде ол көрші үйде зергер сымбатты жігіттің өмір сүретінін байқайды. Ал Тасқын (Еркебұлан Дайыров) әйелінен ерте айрылып, қыздарын жалғыз өсіріп жатқан жалғыз басты әке. Тасқын жұмыс барысында жарақат алып, оның жедел жәрдем алып кетеді. Көршілері Қарлығашқа балаларға қарай тұруды сұрайды, басында бас тартқанымен кейін келіседі. Осыдан кейін оның өмірі өзгере бастайды.

«Телесериалдағы негізгі мәселе бүгінгі біздің қоғамда бар кәрі қыз проблемасы. Яғни филльмде қыздардың қызмет қуып немесе барлық жағдайды жасап алайын тұрмысқа сосын шыға жатармын деген ойлары көрініс табады. Сериалдың ішінде романтика, драма, комедия бәрі бар. Менің продюсер ретінде көрсеткім келгені қыздар өз жағдайымды жасап алайын жігіт сосын табылады демей, уақыт созбай тұрмыс құрып, шаңырақты шаттыққа бөлеуді жиірек ойласа деген ой. Екінші айтпағым кинода көрсетілгендей тұрмысқа шығу міндет, әйтеуір шықсам болды деген ойдан аулақ болу керек. Өйткені, өмірдің өз жоспары бар, әр адамның өзінің жұбы мен өмірлік бақыты бар. Бір сөзбен айтқанда бүгінгі қоғамда болып жатқан дүниені кино қылып түсірдік»,- деді телесериалдың бас продюсері Гүлнұр Мамасарипова.

Сондай-ақ, телесериалдың тұсаукесеріне картинада басты рөлді сомдаған Кәмшат Жолдыбаева мен Еркебұлан Дайыров, фильмнің түсірілім тобы және БАҚ өкілдері қатысты.
Астанада «Қарлығаш ұя салғанда» телесериалының тұсаукесер рәсімі өтті

«Менің кейіпкерімнің өзіме ұқсас бірнеше тұстары бар, атап айтқанда жас ерекшілігі, өмірдегі ұстанымы мен алға қойған мақсаты және мінезі. Фильмнің негізгі идеясы бүгінгі қоғамды көрсету, яғни қоғамда өмір сүріп жатқан адамдардың өмірі арқылы, адамның бақыты - ол отбасы мен оның жақын жандары екенін меңзедік. Киноға түсу барысында соншалықты қиындықтар болған жоқ, оған себеп кейіпкерімнің өзіме ұқсастығы. Және тағы бір айтарым осы сериал арқылы қазір тұрмыс құрмай жүрген кәрі қыздар өздерін көре алады деп айта алар едім»- деді телесериалдағы Қарлығаштың рөлін сомдаушы, белгілі әнші Кәмшат Жолдыбаева.
Астанада «Қарлығаш ұя салғанда» телесериалының тұсаукесер рәсімі өтті

Кәмшат Жолдыбаева бұған дейін «Хабар» агентігі түсірген «Тракторшының махаббаты», «Өгей жүрек» телесериалдарында, ал Еркебұлан Дайыров Севастополь қаласында халықаралық лауреат атанған «Бауыржан Момышұлы» фильмінде басты рөлді сомдаған.

Айта кетсек, бүгін «Хабар» телеарнасы туған күнін атап өтуде, 1995 жылы құрылған еліміздің басты арнасына 23 жыл толып отыр.

Осыған дейін 15 қазаннан бастап күнде сағат 22.20-да «Хабар» телеарнасында әлемдік кинолардың көрсетілімі басталатындығын жазған болатынбыз.
Астанада «Қарлығаш ұя салғанда» телесериалының тұсаукесер рәсімі өтті 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Қоғам, Мәдениет,
Бөлісіңіз:

Автор:

Дәулет Ізтілеу

Загрузка...
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
MURAǴAT