+7 (701) 759 90 19
USD 448.01 EUR 495.86
RUB 5.64 CNY 63.19
Jańalyqtar

Отандық кәсіпорындарда медициналық бетперде өндіру туралы

2020 жылғы 25 наурыз 16:32
Бөлісіңіз:
Отандық кәсіпорындарда медициналық бетперде өндіру туралы

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі бетперде өндірісінің көлемі туралы күнделікті есеп жүргізеді.

Ұқсас жаңалықтар
Нұр-Сұлтанда коронавирус індетінен 1 адам көз жұмды. Нұр-Сұлтанда 1 адам жазылып шықты Ақтөбе облысында коронавирус жұқтырудың жаңа оқиғасы туралы

2020 жылғы 23 наурызында барлық маскалардың күнделікті көлемі 725 мың бірлікті құрады, оның 221 мыңы фармацевтикалық компаниялар, 504 мыңы – тігін компаниялары. Қоймаларда – 584 мың дана бетперделер орналасқан.

Ақпарат медициналық бетперделерді сататын «СК-Фармация» ЖШС-не беріледі. Денсаулық сақтау министрлігі өндірілген өнімдерді елдің өңірлері бойынша таратады.

Дәкелі мен маталы бетперделер жергілікті билік органдарымен келісімшарт негізінде сатылады.

Бүгінгі күні медициналық бетперделер шығару бойынша жұмыстарды тәулік бойы отандық кәсіпорындар жүргізеді: «Dolce» ЖШС (Алматы облысы), «Super-pharm» ЖШС (Жамбыл облысы), «Mega Pharma» ЖШС (Жамбыл облысы), «Medical Active Group» ЖШС (Алматы қ.), «Мерусар» ЖШС (Павлодар қ.), «ТК-Фарм Ақтөбе» ЖШС (Ақтөбе қ.).

Бұдан басқа, жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп бетперделер өндірісіне 70-тен астам тігін кәсіпорындары: «Dalatеx» ЖШС (Қызылорда қ.), «Большевичка» ЖШС (Қостанай қ.), «Эко-Фарм» ЖШС (Шымкент қ.), «Ас Фарм» ЖШС (ШҚО), «Тыныс» АҚ (Көкшетау қ.), «КазЛегПром» ЖШС (Алматы қ.), «Жанарыс» ЖШС (Маңғыстау обл.) және т.б. тартылды.

Тігін және фармацевтика кәсіпорындарын бетперде өндіруге арналған шикізатпен қамтамасыз ету мақсатында Министрлік «Azala Textile» ЖШС-мен бірге дәке өндірісін бастау туралы мәселені пысықтады. Бүгінгі таңда қуаттылығы тәулігіне 3,6 мың қума метр болатын 3 станок іске қосылды және жұмыс істеуде.

Өндірістік цикл мемлекетаралық стандартқа сәйкес жолға қойылған (ГОСТ 9412-93 Медициналық дәке).

Сонымен қатар кәсіпорын тығыздығы төмен (бөз, миткаль) ағартылған мақта-маталы мата шығарады.

Бұл ретте, мақта-маталы маталардан көп рет пайдалануға арналған бет (қорғаныш) маскаларын өндіру және өткізу тіркеуді талап етпейді, себебі өнімнің осы түрі медициналық бұйым болып табылмайды және ЕАЭО ТР 019 «Жеке қорғау құралдарының қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентінің объектілеріне енбейді.

Кәсіпорындар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, егер өнім техникалық регламенттердің қолданысына түспесе, ұйым стандарты бойынша өнімді шығаруға және өткізуге құқылы.

Бүгінгі күні барлық фармацевтикалық және тігін кәсіпорындарының қуаты толық жүктеме кезінде тәулігіне 1 млн. данаға дейін өндіруге мүмкіндік береді.

Отандық тігін кәсіпорындары медициналық бетперделер сияқты жұқпалы бөлшектерді бетпердені тасымалдаушыдан басқа адамдарға тікелей беру үшін кедергіні қамтамасыз ету ретінде профилактикалық қорғау мақсаттарында пайдаланылатын мақта-мата маталардан (дәке, бөз, миткаль) көп рет қолданылатын 4,8,16 қабатты маскалар шығарады. Сондай-ақ, бетперде тасушының бетін ірі шашыраудан қорғайды.

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер:
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Алтынбек Кумарзак
Алтынбек Кумарзак
954-059

MURAǴAT