+7 (701) 759 90 19
USD 427.22 EUR 519.71
RUB 5.78 CNY 66.52
Jańalyqtar

Отандық кәсіпорындар сұйық май бағасын бір айда 8,6% өсірген

2021 жылғы 5 мамыр 01:09
Бөлісіңіз:
Отандық кәсіпорындар сұйық май бағасын бір айда 8,6% өсірген

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Өткен сәуір айында отандық өндіруші кәсіпорындарда сұйық май 8,6% қымбаттады. ҚазАқпарат бұл туралы ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ұқсас жаңалықтар
Биыл Қазақстанда азық-түлік бағасы 4,8% өсті Асқар Мамин әкімдерге азық-түлік бағасын тұрақтандыруды ерекше назарда ұстауды тапсырды Матрица: Шымкент қаласы мен Қызылорда облысы «қызыл» аймақтан «сарыға» өтті

Биылғы сәуір айында оның алдыңғы наурыз айымен салыстырғанда өнеркәсіптік өнім өндіруші отандық кәсіпорындарда баға 4,9% өсті.

Өткен айда тау-кен өндіру саласында баға көтерілді:

- мұнайға 6,5%;

- табиғи газға 1,1%;

- металл кендеріне 0,4%.

Өңдеу саласында баға жоғарылады:

- алюминийге 8,7%;

- мысқа 7,5%;

- ферроқорытпаларға 6,1%;

- мырышқа 5,9%.

Осы салада баға төмендеді:

- қорғасынға 3,9%;

- асыл металдарға 1,3%.

Мұнай өнімдерінен қымбаттады:

- мазут 9,9%;

- сұйытылған пропан және бутан 3%;

- бензин 2,8%.

Азық-түлік өнімдерінен кәсіпорындарда баға көтерілді:

- өсімдік майына 8,6%;

- құс етіне 3,5%;

- мал етіне 3,1%;

- жармаларға 2,6%;

- қантқа 2,4%;

- макарон өнімдеріне 1,2%;

- бидай ұнына 0,8%;

- күрішке 0,5%;

- сүт өнімдеріне 0,3%.

Бағасы арзандаған азық-түлік:

- қара бидай ұны 7,1%:

- шай 0,2%.

Сондай-ақ электр энергиясымен және сумен жабдықтауда электр энергиясы, оны тарату бойынша қызметтерді қоса алғанда 7,1% жоғарылады, суды бөлу бойынша қызметтер 0,9% төмендеді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT