Отандық қаламгерлердің детектив жанрындағы шығармалары кітап болып шығады
2022 жылғы 15 тамыз 14:23

Отандық қаламгерлердің детектив жанрындағы шығармалары кітап болып шығады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Отандық қаламгерлердің детектив жанрындағы шығармалары кітап болып шығады. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі баспасөз қызметінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өткен жылы Ішкі істер министрлігі ел тарихында тұңғыш рет «Серт» детектив шығармаларының республикалық байқауын өткізген болатын. Әдеби байқаудың басты мақсаты – халықтың құқықтық мәдениетін, сонымен қатар қазақстандық патриотизмді арттыру, қоғам назарын полиция мен басқа да құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қиын және қауіпті жұмысына аудару», - деді ІІМ өкілі ведомствоның баспасөз қызметі алаңында өткен брифингте.

Оның атап өтуінше, Ішкі істер министрлігі Қазақстан полициясының 30 жылдық мерейтойы аясында республикалық «Серт» байқауын жариялады. Байқауға қатысатын шығармалар осы жылдың 15 қыркүйегіне дейін қабылданады.

«Ішкі істер министрлігі байқауға қатысуға шақырады. Жеңімпаздар Қазақстанның Тәуелсіздік күніне орай жарияланады. Ал байқау қорытындысы бойынша детектив жанрындағы қазіргі заманғы отандық жазушылардың шығармалары жинақталған кітап басылады», - деді Шұғыла Тұрлыбек.

Фото: images.pexels.com




Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT